MacBook Pro компьютеріңізге арналған адаптерлер
Келесі Apple адаптерлері MacBook Pro компьютеріңізді қуат көзіне, сыртқы құрылғыларға және дисплейлерге қосу және т.б. үшін қолжетімді.
MacBook Pro компьютеріңізде порттардың орналасқан жерін көру үшін MacBook Pro компьютерін шолып шығыңыз бөлімін қараңыз. Әрбір порт туралы және оның қалай көрінетіні туралы мәліметтерді Mac компьютеріңіздегі порттарды анықтау атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласынан алуыңызға болады.
Кабель немесе адаптер | Сипаттама | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
USB-C to USB адаптері: MacBook Pro компьютеріңізді стандартты USB керек-жарақтарына қосыңыз. | |||||||||||
USB-C - Lightning кабелі: Синхрондау және зарядтау үшін iPhone құрылғыңызды немесе басқа iOS немесе iPadOS құрылғысын Lightning қосқышымен MacBook Pro компьютеріңізге қосыңыз. | |||||||||||
USB-C зарядтау кабелі: Синхрондау және зарядтау үшін iPhone құрылғыңызды немесе басқа iOS немесе iPadOS құрылғысын USB-C порты арқылы MacBook Pro компьютеріңізге қосыңыз. | |||||||||||
USB-C Digital AV көп портты адаптері: MacBook Pro компьютеріңізді HDMI дисплейіне қосыңыз, сонымен қатар стандартты USB құрылғысын және MacBook Pro компьютеріңізді зарядтау үшін USB-C зарядтау кабелін қосыңыз. | |||||||||||
USB-C VGA Multiport адаптері: MacBook Pro компьютеріңізді VGA проекторына немесе дисплейге қосыңыз, сонымен қатар стандартты USB құрылғысын және MacBook Pro компьютеріңізді зарядтау үшін USB-C зарядтау кабелін қосыңыз. | |||||||||||
Thunderbolt 3 (USB-C) to Thunderbolt 2 адаптері: MacBook Pro компьютеріңізді Thunderbolt 2 құрылғыларына қосыңыз. Thunderbolt 3 (USB-C) адаптерін MacBook Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt 4 порттарымен пайдалануға болады. |
Қосымша мәліметтер. Mac компьютеріңіздегі Thunderbolt 4, Thunderbolt 3 немесе USB-C портына арналған адаптерлер атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Адаптерлер мен басқа керек-жарақтар бөлек сатылады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com сайтына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін құжаттаманы қарап шығыңыз немесе өндірушіден сұраңыз.