CAPTCHA

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бұрмаланған тармақ

CAPTCHA - ([ˈkæptʃə]; ағылш. Completely Automated Public Turing test to tell Computers and Humans Apart - толығымен автоматтандырылған адаммен компьютерді айырып тануға көпшілікке арналған тест Тьюринг) - адам мен компьютерді ажырата білу үшін жасалған компьютерлік тест. Карнеги - Меллон Университетінің тауар белгісі. Термин 2000 жылдары пайда болған. Тестің мақсаты: адам оңай шеше алатын, бірақ компьютерге қиынға соғатын, қатысушыға арналған есеп. Көбінесе есептер символдарды ажыратуға арналады.

CAPTCHA интернет-сервисті боттар қолдануын шектеу үшін қолданылады. Көбінесе автоматты хаттар жөнелту, тіркелгі жасау, файлды жүктеу, т.б. болдырму үшін қолданылады.

Іске асыру шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Көп таралған CAPTCHA түрі қатысушыға берілген суреттегі символдарды енгізуін талап етеді.( ережеге сәйкес бұрмаланған, кедергілермен, бұлдыраған мәтіндер беріледі).
  • Сирек жағдайларда CAPTCHA-ның сөйлемді тану түрі беріледі(негізінде көзі нашар көретін қатысушыларға арналған).
  • Кей кездерде нашар алгоритмдік есептер де қолданылады. Мысалы, суретте не көрсетілгенін тану, суреттегі мысықтарды белгілеу, білімге байланысты оңай сұраққа жауап беру.
  • Арифметикалық оңай есптерді шешуге арналған CAPTCHA түрі кездеседі.
  • Сондай-ақ Video-CAPTCHA түрі кездеседі. Оның мақсаты жылжып тұрған фон мен символды ажырату болып келеді.