iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: https://kk.wikipedia.org/wiki/Әскер
Әскер — Уикипедия Мазмұнға өту

Әскер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әскер (араб.: جندي‎ - әскәр, парсыша ләшкәр – сарбаз, жауынгер, жасақ, қол) – мемлекеттің Қарулы Күші, армия немесе оның бөлігі. Қазақ халқында әскердің түріне, құрамына және ерекшелігіне байланысты атты әскер, жаяу әскер, ондық, жүздік, мыңдық, түмен , жасақ, қосын, қол, лек, аламан, оң қанат, сол қанат, шеру, сап, шеп, тағы басқа дәстүрлі әскери атаулар қолданылған. [1]

Сондай-ақ әскердің сарбаз, жауынгер мағынасындағы батыр (баhадүр), аламан, сыпай (сипаh), шора, шерік, жасауыл, сарбаз, жауынгер, тағы басқа жарыспалы атаулары болған. Ал дәстүрлі лауазымдар онбасы, жүзбасы, жүзбегі, мыңбасы, мыңбегі, түменбасы, аға (аға батыр), тархан, қолбасы, батырбасы, сардар, бек, беглербегі, әмір, әмір-әл-умара, тағы басқа деп аталады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Сыртқы Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Әскер