iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: https://kk.wikipedia.org/wiki/Ұшатын_балықтар
Ұшатын балықтар — Уикипедия Мазмұнға өту

Ұшатын балықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазбалық ауқымы: Miocene–Recent
Sailfin flying-fish Parexocoetus brachypterus
Sailfin flying-fish
Parexocoetus brachypterus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Actinopterygii
Сабы: Саргантәрізділер
Тұқымдасы: Exocoetidae
Genera

Ұшатын балық (лат. Exocoetidae) — балықтар класының саргантәрізділер отрядына жататын теңіз балықтар тұқымдасы. Оның 50 - 60 түрі бар.

Түсі - көкшіл-сұр, арқа жотасы - қара көк, астыңғы бөлігі ақ күміс түсті болып келеді. Денесі жебе тәрізді созылыңқы. Арқа қанаты құйрық бөлімінде орналасқан, жақтары сопақ. Дене тұрқы 50 см-ден аспайтын бұл балықтардың көпшілігі су бетінде қалықтап ұшуға қабілетті. Ұшатын балықты дүниежүзі мұхиттарының бәрінен, әсіресе Атлант, Тынық мұхиттарынан кездестіруге болады. Ұшатын балықтың басты ерелекшігі - құстың қанаты сияқты өте жалпақ кеуде қанаттары болатындығында. Жыртқыштардан құтылып кетуі үшін балық су бетіне ырышып шығып, біраз жерге дейін ұшып өтеді. Кеуде қанатынан өзге айырланып біткен құйрық қанаттары болады. Оның төменгі қанаты үстіңгі қанатынан ұзынырақ. Бұлда балықтың ұшуына көп септігін тигізеді. Балық жоғары қарай ұшқанда оның құйрық қанаттары мотордың қызметін атқарады. Ол суды секундына 90 ретке дейін соққылайды. Балық әуеге 1,2 метрге дейін көтеріліп, 200 метр жерге дейін ұша алады. Ұшу биіктігі балықтың салмағы мен арналған қанаттарының санына байланысты болады. Балық биіктікті қанатын әрқалай қимылдату арқылы реттейді. Су бетіне қонар кезде құйрығын қаққылайды.[1]

Ұшатын балық тұқымдасында 5 тұқымдас тармағы, 8 тек бар[2]:

  1. 1100 қызықты деректер
  2. FishBase: SpeciesLists of Exocoetidae