Үрмелі түтік
Үрмелі түтік (ағылш. blowgun) - үрлеу арқылы қозғалысқа келетін қару бір түрі. Оның ұзындығы 45 сантиметрден 7 метрге дейін жетеді. [1]
Үрмелі түтіктің негізгі төрт түрі бар. Ең қарапайымы – бамбук ағашынан немесе қамыстан жасалған бір- ақ рет қолданылатын түтік. Үрмелі түтіктің тартылыс күші шектеулі. Түтік ұзын болған сайын оқ алысқа ұшады. Таза табиғат аясында өмір сүріп, аң аулауды кәсіп еткен Австралия аборигендері сияқты тұрғындар жебе жасауға қажетті ағаш табылмаса, осындай үрмелі түтіктерді жасап алатын. Үрмелі түтік жебесінің үшкір басын уға малып, аң ататын болған.
Осындай қарудың ең қарапайым әрі қолайлы түрін африкалықтар ойлап тапқан: олар 50 см түтіктен ұзындығы 10 см- ге жететін жебені үрлеп ататын. Африкалықтардың қаруы, негізінен, аң- құстарды ұстауға арналған. Осы қарумен олар құсты 10- 20 метр қашықтықтан ататын. Удың күші адам үшін аздау, адамның жүрегіне немесе бетіне бірнеше рет тигенде ғана адам қаза табатын.
Ал индонезиялық тұрғындар мен бразилиялық үндістердің аңшылық түтігінің ұзындығы 2,5 метрге жететін, нысанысында саңылуы бар болатын. Солтүстік Латын Америка тұрғындары пальма бұтағынан үрмелі түтік жасаған. Құстардан басқа ірі аңдарды ұстаған кезде міндетті түрде жебелерге у жағатын болған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 1100 қызықты мәлімет.