Құрттар
Құрттар (лат. Vermes) — омыртқасыз жануарлардың бір тобы. Дене пішіні ұзынша, жылжып қозғалады. Денесінің алдыңғы бөлімі сыртқы ортаның тітіркенісін қабылдаушы болғандықтан, жүйке түйіндері, сақиналары және жүйке тізбектері мен сезім мүшелері бас жағына шоғырланып орналасқан. Қазіргі жүйеленім бойынша бұл топқа жалпақ құрттар, жұмыр құрттар, немертиндер, тікенбас құрттар,буылтық құрттар жатады. Алғашқы үш тип төменгі сатыдағы құрттар тобын құрайды. Құрт алғашқы ауыздыларға жатады. Құрттардың кейбір түрлері (мысалы, полихеттер, эхиуридтер) тек теңізде, екіншілері (мысалы, турбелляриялар, нематодтар) теңіз бен тұщы суда тіршілік етеді; кейбір түрі (трематодтар, таспа Құрт) — басқа жануарлар мен өсімдіктердің паразиттері, топырақта мекендейтін түрлері де кездеседі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |