Қамыс мысығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қамыс мысығы
Қамыс мысығы
Қамыс мысығы
Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Felidae
Тегі: Felis
Түрі: F. chaus
Екі-есімді атауы
Felis chaus
Иоганн Христиан фон Шребер, 1777
Jungle Cat range
Jungle Cat range

Қамыс мысығы , алаяқ мәлін (лат. Felis chaus) – сүтқоректілер класы, мысық тұқымдасына жататын аң.


Дене тұрқы 56 – 94 см, салм. 2,6 – 12 кг, құйрығының ұзындығы 21 – 30 см-дей. Тік тұратын құлағының ұшында кішкентай тұлымы немесе шашағы бар. Аяқтары мен құйрығында аздаған теңбілдері болады. Қамыс мысығы Африканың солтүстік-шығысынан, Қытайдың оңтүстік-шығысына дейінгі аймақта кездеседі. Қазақстанда қамыс мысығы Атырау облысы аумағы мен Арал теңізінің жағалауында тіршілік еткен, қазір ол жерлерде кездеспейді. Өзен-көл бойындағы қопалар мен тоғайларды мекендейді; құм қояны, кеміргіштер, су құстарымен қоректенеді. Жемін көбіне түнде аулайды. Жылына бір рет, қаңтарсәуір айларында мауығып, 2 айдан соң, 3 – 5 мысық табады. 1,5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қамыс мысығының терісі аса бағалы емес, сондықтан оның шаруашылық маңызы шамалы. Аң шаруашылықтарына зиян келтіреді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім