iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: https://kk.wikipedia.org/wiki/Яхья-хан
Яхья-хан — Уикипедия Мазмұнға өту

Яхья-хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аға Мұхаммед Яхья-хан (1970)

Аға Мұхаммед Яхья-хан(1917, қаңтардың 4-і – 1980, тамыздың 10-ы) - Пәкістанның үшінші президенті. Президент Аюб-ханнан кейін, 1969 мен 1971 жылдары арасында Пәкістанның президенті болып істеген. Әли Яхья деген бір ұлы және Ясмин Хан деген бір қызы бар.

1917 жылы Чакуа деген жерінде Шиға мұсылмандар отбасында дүниеге келген. Ұлты - қызылбаш, ата-бабалары Иранның Нәдір шаһ кезіндегі әскери басшылары еді, Нәдір шаһтың жақын туыстары еді.

Нәдір шаһ өлтірілгеннен кейін, оның отбасы мүшелері әр тарапқа қашқан. Солардың арасында Яхья-ханның ата-бабалары да еді. Мүмкін, Яхья-хан Нәдір шаһтың тікелей ұрпағы деген болжам бар.

Яхья-хан Пенджаб универститетін бітірген. Кейін, британ әскеріне аттанып, ң-ші дивизиясында Үндістанда, Ирақта, Италияда, Солтүстік Африкада қызмет етті.

Әскер басшысы еді.

1951-52 жылдары Кашмирде қызмет етті. 1954-57 жылдарында Пәкістан әскерін жақсарту жұмысын жүргізеді. 1958 - 1962жылдары Әскердің Бас Штабының башысының қызметкері атқарды, 1962 - 1965 жылдары дивизияның басшысы еді. 1965 жылы үнді-пәкістан соғысына қолбасшы ретінде қатысқан.

Әйгілі болып, әскердің де, жұрттың қолдауымен президент болып сайланды. 1969 жылының наурыз айның 26-сында, президент Аюб-хан кетіп, орнына Яхья-хан келді. Бірақ Шығыс Пәкістанның мәселесін шеше алмай, бенгалдар арасында Пәкістан үкіметіне наразыны туғызды. Нәтижесінде, 1971 жылы Үндістанмен соғысында жеңіліп, Пәкістан бенгалдармен де қақтығыстарда жеңілді. Шығыс Пәкістанда Бангладеш деген мемлекет пайда болды. Сол себептен Яхья-хан орнынан кетті.

1980 жылының тамыздың 10-ында шаһтың тұқымы Яхья-хан дүние салды.