Этилен
Этилен, Этен, CH2=CH2 – органикалық қосылыс. Э. эфир иісті, түссіз газ, балқу t –169,5 °С, қайнау t –103,8 °С, суда нашар, эфирде жақсы ериді. Ауада жарқыраған жалын шығарып жанады да, көміртек қос тотығын және су түзеді: C2H4+3O2 → 2CO2+2H2O. Э. – реакцияласуға қабілетті, оның хим. қасиеттеріне молекуласындағы қос байланыс әсер етеді, сондықтан қосып алу, полимерлену реакциясына бейім. Э-ді лабораторияда этил спиртінен күкірт қышқылы қатысында дегидраттау арқылы, өнеркәсіпте мұнайды әр түрлі әдістермен өңдеу кезінде бөлініп шығаратын газдардан алады. Э-ді полимерлеу арқылы аса маңызды полимерлердің бірі – полиэтилен және хлор мен Э-ді әрекеттестіру арқылы катализатор қатысында хлорлы этил алынады. Этилен молекуласының құрылысын шарөзекті модельмен бейнелеуге болады. Этилен молекуласында әр көміртек атомы екі сутек атомдарымен дара байланыстармен байланысады және өзара қос байланыс арқылы жалғасады. Хлорлы этил еріткіш, тазартқыш ретінде және медицинада қолданылады. Э. көптеген маңызды өнімдер (этанол, этилен тотығы, т.б.) синтездеуде пайдалынылады.
Этилен алу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Химиялық белсенді болғандықтан қанықпаған көмірсутектер таза күйінде табиғатта өте сирек кездеседі. Этилен қатарының көмірсутектерін жоғары температурада сутек бөле отырып, алқандарды айыру арқылы алады. Сутек бөліне жүретін айырылу реакциялары дегидрлену реакциялары деп аталады.
Физикалық қасиеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этилен-түссіз, иісі жоққа тән, ауадан аздап жеңілдеу, суда нашар еритін, жанғыщ газ.
Химиялық қасиеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1.Этиленнің құрамы метан сияқты көміртек пен сутектен тұратындықтан, оның жануы нәтижесінде де су мен көміртек(VI) оксиді түзіледі. 2.Қанықпаған көмірсутектерге қосылу реакциялары тән. Құрамында қанықпаған қос байланыс болғандықтан этилен қосылу реакцияларына оңай түсіп, атомдарды және атом топтарын қосып алады. Реакция нәтижесінде этан немесе оның туындылары түзіледі және көмірсутек молекуласындағы қос байланыстың біреуі оңай түзіліп, дара байланысқалады. а)Өршіткі(никель,платина) қатысында этилен сутекті қосып алып этанға айналады.Сутек қосыла жүретін реакция гидрлену реакциясы деп аталады. ә)Этилен галогендерді қосып алады. Ол броммен әрекеттескенде бромның қызыл қоңыр түсі жойылып, түссіз диброметан түзіледі немесе бұл этиленнің сапалық реакциясы, бромның түссізденуі бойынша этиленнің бар-жоғын білуге болады. Этиленге хлор қосып, дихлорэтан алуға да болады. б)Этилен қос байланыс арқылы су молекуласын қосып алып, этил спиртін түзеді. Бұл реакцияның өнеркәсіптік маңызы зор. Қазақстанда Шымкент пен Атырау химия зауыттарында осы реакция бойынша этиленнен этил спирті алынады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]<references>
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том