Шыңғыс хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шыңғыс хан
моңғ.
Шыңғыс хан
Лауазымы
Моңғол империясының Ұлы ханы
12061227
Ізашары мемлекет негізін қалады
Ізбасары Үгедей
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1162
Делүүн-Болдог, Моңғолия
Қайтыс болуы 1227 ж. тамыздың 18-і
Таңғұт
Жерленді белгісіз
Династия Боржігін үйі
Туған кездегі есімі Темучин Боржігін
Әкесі Есугей баһадүр
Анасы Өелун
Жұбайы Бөрте
Құлан
Есуген
Есуй
Балалары ұлдары:
Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле, Күлхан, Харачар, Чахур, Хархад
қыздары: Ходжін-бегім, Цецейхен, Алангаа, Темулен, Алдуун

Шыңғыс хан (моңғ. Чингис хаан), шын аты – Темүжін (моңғ. Тэмүжин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері, Есугей баһадүрдің отбасында туған ежелгі ру басшысы.[1]

Мемлекет құруы

Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғыс хан ( бала кезіндегі аты Темүжін) 1155 жылы (кейбір деректерде 1162 жыл) Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза табады. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 11831204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.

Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Темүджін дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды. Шыңғыс хан Есугейден кейінгі хан сайланады.Шынғысханның атын моңғолдарды қорғасын деп Шыңғысхан атаған.

Ішкі саясаты

Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді.

Мемлекеттің бастыбасты заңы "Жасақ" (Яса) деп аталды. Бұл екі бөлімнен тұрған. Бірінші бөлім Шыңғызханның өзі айтқан нақыл сөздері мен ел басқарудағы кейбір басты мәселелер жөніндегі шешімдерден тұрды. Екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар және оларды орындамағандарды жазалаудың түрлі ережелерінен құралды.

"Жасақ" бойынша үкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. Ол жылына бір рет, жаз айында шақырылды. Онда басты мәселе - алдағы болатын соғыстың жоспары талқыл

Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке жасауыл (кешіктен) құрды. Ол империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді. Әрбір түменде 10 мыңнан пдам болды. Түмендер аймаққа бөлінді. Әрбір мыңдық он жүздіктен, жүздіктер ондықтардан тұрды. Басқару жүйесі ондықтан басталды.

Әскери құрылысы

Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды.Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Олар Оң қанат (Барунгар), Сол қанат (Жоңғар) және Орталық қанат (Кул) деп аталды.

Жорықтары мен жаулап алулары

Шыңғыс ханның және ұрпақтарының ұлы жорықтары

1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды.

1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.

Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.

Тұғырыл хан мен Темучинның тайшуыттарға қарсы жорығы

1200 жылы Тұғырыл хан мен Темучин тайшуыттарға қарсы бірлескен жорыққа шықты. Тайшуыттарға меркіттер көмекке келді. Жорық кезінде Темучин иығынан жебемен жараланды. Жарақаттың ауыр болғаны соншалық оны қолбасшы Зелме түні бойы оны қарауылдап ем-дом жасады. Ертесінде тайшуыттар көптеген адамдарын тастап қашып кетті. Қалған адамдардың арасында кезінде Темучинды қорғап қалған Сорғаншыра мен шайқаста Темүжінді жаралаған мерген Жырғодай да бар еді. Жырғодай Темучинның әскерінің қатарына қабылданып Жебе деген атқа ие болады. Осыдан кейін тайшуыттар соңынан қуғыншы топ аттандырылады. Олардың көпшілігі шайқаста қырылып, тірі қалғаны өз еркімен берілді. Бұл Темучинның ең бірінші үлкен жеңісі болатын. 1201 жылы монғол қолдары (татар, тайшуыт, меркіт, ойрат және өзге тайпалар) Темучинге қарсы бірікті. Олар Жамұхаға адал болуға ант беріп, оны гүрхан лауазымымен таққа отырғызды. Бұл жағдайды естіген Темучин керейлердің ханы Тұғырылға шабарман жіберді. Тұғырыл хан өз кезегінде қалың қол жинап, Темучин әскеріне қосылды.

Татарларға қарсы жорық

1202 жылы Темучин татарларға қарсы жорыққа аттанды. Ол жорық алдында шайқас кезіндегі түскен олжаны иемденуге тыйым салып, оларды тек шайқастан соң бөлісу керектігі жайлы бұйрық берді. Қатыгез шайқаста Темучин жеңіске жетті. Шайқастан соң Темучин кеңес шақырды. Кеңесте бойы белден төмен балалардан басқа, барлық татарлардың көзін жоюға шешім қабылданды. Мұндай шешімге себеп болған жағдай кезінде татарлар дың монғол билеушілерін аяусыз өлтіруі болды (әсіресе Темучинның әкесінің өлімі).

Керейлер ұлысының құлауы

1203 жылы көктемде Халахалджин-Элэт жерінде Темучин мен біріккен Жамұха және Тұғырыл хан арасында үлкен шайқас болды. Тұғырыл ханның Темучинмен соғысқысы келмеген болатын, алайда оның ұлы Нилха-Сенгум мен Жамұха оны соғысқа итермеледі. Тұғырыл хан Темучинды ұлы санап, оған Керей хандығының билігін қалдыру жайлы ойы барын білгендіктен Сенгум Темучинге қарсы жорық шығуға әкесін көндірді. Ал Жамұха болса Темучинды найман билеушілерімен бірігіп, сатқындық жасау туралы ойы бар деп айыптады. Осы ұрыстан соң Темучинның ұлысы үлкен шығынға ұшырады. Алайда Сенгум шайқас барысында жараланып керей әскерлері кері шегінді. Уақыт ұту мақсатын көздеген Темучин дипломатиялық іс-әрекеттерге барды. Ол Тұғырыл хан мен Жамұханың арасына іріткі салуды көздеді. Сол уақытта соғысушы жақтардың ешқайсысына қосылмаған тайпалар Тұғырыл хан мен Темучинге қарсы одақ құрды. Мұны білген Тұғырыл хан оларға бірінші болып шабуылдап жеңіске жетті. Жеңіске масайраған Тұғырыл хан жеңісін тойлап жатқан еді. Бұл жағдайдан хабардар болған Темучин күтпен жерден шабуыл жасап, қарсыластың тас-талқанын шығаруды ойлады. Тіпті түнгі аялдауға мұршасы болмаған Темучин әскері 1203 жылы күзде керейлердің әскери қосынына жетіп, қарсыласты тас-талқан етті. Осыдан кейін Керей хандығы өмір сүруін тоқтатты. Тұғырыл хан мен ұлы қашып үлгерді, алайда Найман хандығының шекарасында Тұғырыл хан қарауылдың қолынан қаза болды. Ал Сенгум болса қашып кетті, алайда кейіннен ұйғырлардың қолынан қаза тапты.

Ұлыстарға бөлуі

Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий теңізі мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды.

Қайтыс болуы

Шыңғыс хан Танғұттарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді.

Дереккөздер

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9