Шортан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шортан

Шортан (лат. Esox lucіus) — албырттар отрядының өзі аттас тұқымдасына жататын балық; ірі жыртқыш, шортан тәрізділер отрядының бір тұқымы. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, ұсақ қабыршақтар жапқан, ұзындығы 1,1 м-ге, салмағы 16 кг-ға жетеді, арқа қанаты аналь (құйрықасты) қанатының деңгейінде, басы жалпақ, ұзын жақтарының астыңғысы үстіңгісінен ілгері ұмсынған. Аузы үлкен, онда көптеген тістері бар, тістерінің өткір қырлары артқа қарай иілген, сондықтан оның аузына түскен жемтігі аузынан кері шыға алмайды. Түсі өзі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады, бүйірінде көлденең жолақты ірі қоңыр түсті дақтары болады.[1]

Esox lucius

Шортандар 3 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Сәуір – мамыр айларында тайыз өзендерге, су температурасы 4 – 12°С болғанда уылдырығын (балықтың мөлшеріне қарай 17,5 – 270 мыңдай, диаметрі 3 мм-дей) шашады. Ауа райына қарай, жалпы көбею мерзімі 2,5 айға созылуы мүмкін. Шортан – жыртқыш балық, қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Шабақтары майда омыртқасыздармен қоректенеді, ұзындығы 5 см-ге жеткенде жыртқыштыққа көшеді. Бұлар кәсіптік маңызы бар балықтар, дәмді еті үшін көп ауланады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[2] [3]

Тағамға жастай, тұздап та пайдаланылады және консерві дайындалады.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  2. Жұмалиев М.І., Бәйімбет Ә.А., Жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігі (хордалылар), 1 бөлім, А., 2005.
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
  4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1