Шақтама

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шақтама (Допуск) —

  1. дәлдік квалитетіне сәйкес параметрдің сандық сипаттамасының номиналдық мәнінен шақтамалық ауытқуы;
  2. ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдердің айырмасы.[1]
  1. Бұрыштық шақтама (Допуск угловой) — ең үлкен және ең кіші шекті бұрыштардың айырмасы.
  2. Бүйір ауытқыма шақтама(Допуск торцового биения) — бүйір ауытқыманың ең үлкен шақтамалық мәні.f \ 0.0121 А
  3. Білік шақтама (Допуск вала) - біліктің ең үлкен жөне ең кіші өлшем мәндерінің айырмасы.
  4. Біржақты шақтама (Допуск односторонний) — бұл шақтаманың шекті ауытқулары нөлдік сызықтан немесе номиналдық өлшемнен жоғары немесе төмен орналасқан.
  5. Екіжақты шақтама (Допуск двухсторонний) — бұл шақтаманың шекті ауытқулары нолдік сызықтан немесе номиналдық олшемнің екі жағында орналасқан (жоғарғы ауытқуы оң, ал төменгі ауытқуы теріс таңбалы сандар).
  6. Біросьтілік шақтама (Допуск соосности) — біросьтіліктен ауытқудың ең үлкен шақтамалық мөні.
  7. Дөңгелектік шақтама (Допуск круглости) — дөңгелектіктен ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні.
  8. Жазықтылық шақтама(Допуск плоскостности) — жазықтылықтан ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні.
  9. Жүйенің шақтамасы (Допуск системы) — белгілі бір шақтама жүйесімен анықталған стандарттық шақтама.
  10. Керілістің шақтамасы(Допуск натяга) — ең үлкен және ең кіші керіліс мәндерінің айырмасы.
  11. Конус диаметрінің шақтамасы (Допуск диаметра конуса) — көлденең қимада алынған конус диаметрлерінің шекті мөндерінің айырмасы.
  12. Конустың осьтік шақтамасы (Осевой допуск конуса) — конустың жоғарғы жөне төменгі ось ауытқуларының айырмасы.
  13. Көлбеулік шактама (Допуск наклона) — көлбеуліктен ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні.
  14. Қабылдау шактама (Допуск приемочный) — қабылдау кезіндегі бақылауға арналған шақтама.
  15. Қондырманың шақтамасы (Допуск посадки) — қосылатын тетіктер шақтамаларының қосындысы.
  16. Қосынды шақтама (Допуск суммарный) — қосынды ауытқуының шақтамалық мәнінің ауытқуы.
  17. Негізгі шақтама (Допуск основной) — сызбалармен немесе басқа нормативтік-техникалық құжаттармен талап етілген параметрлердің (өлшемдердің) шақтамасы.
  18. Орналасу шақтамасы (Допуск расположения) — орналасу ауытқуының шақтамалық мәндерінің шегі.
  19. Осьтер қиылысу шақтамасы (Допуск пересечения осей) — осьтердің қиылысуынан ауытқуының ең үлкен шақтамалық мәні.
  20. Осьтік ауытқыма шақтама (Допуск осевого биения) — осьтік ауытқыманың ең үлкен шақтамалық мәні.
  21. Өндірістік шақтама (Допуск производственный) — операциялық бақьшауға арналған шақтама.
  22. Өлшем шақтамасы (Допуск размера) — ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдердің айырмасы.
  23. Пайдалану шақтамасы (Допуск эксплуатационный) — ұзақ пайдалану көрсеткіштерінің талап етілген деңгейін қамтамасыз ететін дәлдік қорын құруға арналған шақтама.
  24. Параллельдік шақтама (Допуск параллельности) — параллельдіктен ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні.
  25. Перпендикулярлық шақтама (Допуск перпендикулярности) — перпендикулярлықтан ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні.
  26. Саңылаудың шақтамасы(Допуск зазора) — саңылаудың ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырмасы.
  27. Cимметриялылық шақтама (Допуск симметричности) — симметриялықтан ауытқуының ең үлкен шақгамалық мәні.
  28. Пішіннің шақтамасы(Допуск профиля) — пішін ауытқуының ең үлкен шақтамалық мәні.
  29. Радиаль ауытқыма шақтама (Допуск радиального биения) — радиаль ауытқыманың ең үлкен шақтамалық мәні.
  30. Тәуелді шақтама (Допуск зависимый) — ауыспалы шақтама; оның ең кіші мәні сызбада көрсетілген және бұл мәнді элементтің нақты елшемінің ауытқу мәніне ауыстыруға болады.
  31. Тәуелсіз шақтама (Допуск независимый) — бір сызбамен жасалған тетіктер жиынтыгының мәндері түрақты жөне элементтерінің нақты өлшемдеріне тәуелсіз шақтама.
  32. Тесіктік шақтама (Допуск отверстия) — тесіктің ең үлкен және ең кіші шекті өлшем мөндерінің айырмасы.
  33. Тозу шақтамасы (Допуск на износ) — өлшейтін мөлшерлегіштің жүмыс барысында үйкеліс тозуының ең үлкен шекті мәні.
  34. Толық ауытқыма шақтама (Допуск полного биения) — толық ауытқыманың ең үлкен шақтамалық мәні.
  35. Түзусызықтылық шақтама (Допуск прямолинейности) — түзусызықтылықтан ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні.
  36. Тұрақтық шақтама (Допуск позиционный) — элементгің түрақты ауытқуының ең үлкен шақтамалық мәні.
  37. Цилиндрлік шақтама(Допуск цилиндричности) — цилиндрліктен ауытқудың ең үлкен шақтамалық мәні.Тау формуласында қолданылатын, номиналды өлшемге тәуелді сан.

Шақтама өрісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шақтама өрісі (Поле допуска) Td — шақтаманы график түрінде көрсету кезіндегі жоғарғы және төменгі ауытқулардың арасындагы өріс.

Шақтама бірлігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шақтама бірлігі (Единица допуск) — шақтаманың мәнін анықтайды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6