iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: https://kk.wikipedia.org/wiki/Шашақ_қанаттылар
Шашақ қанаттылар — Уикипедия Мазмұнға өту

Шашақ қанаттылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Thrips
Қазбалық ауқымы: 299–0 Ma Permian - Recent

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Arthropoda
Табы: Жәндіктер
Кіші табы: Pterygota
Ұлы сабы: Exopterygota
Сабы: Thysanoptera
Haliday, 1836
Families

Terebrantia

Adiheterothripidae
Aeolothripidae
Fauriellidae
Hemithripidae
Heterothripidae
Jezzinothripidae
Karataothripidae
Melanthripidae
Merothripidae
Scudderothripidae
Stenurothripidae
Thripidae
Triassothripidae
Uzelothripidae
Tubulifera
Phlaeothripidae

Шашақ қанаттылар немесе Трипстер (лат. Thysanoptera) — жәндіктердің бір отряды. Жер шарында кең тараған. 2 мыңнан астам түрі белгілі.

Денесінің ұзыңдағы 0,5 — 2 (сирек 14) мм. 2 жұп қысқа қанаты бар, олардың шетінде жіңішке қылшықтардан тұратын шашақтары орналасқан, қанаттары редукцияға ұшыраған немесе мүлдем болмайтын түрлері де жиі кездеседі. Аяқтарындағы тырнақтарының арасында торсылдақ тәрізді сорғыштары орналасқан. Ауыз аппараты — сорғыш.

Шашақ қанаттылар өсімдіктің гүлінде, жапырағында және жемісінде, мүктерде, ағаштың қабығында тіршілік етеді. Негізінен өсімдіктің шырынын сорып қоректенеді, араларында жыртқыш түрлері де кездеседі. Шала түрленіп дамиды. Жұмыртқаларын өсімдіктің ұлпасына, гүлдеріне, жапырақ қолтығына салып, 2 — 3 айдан кейін ересек жәндік шығады. Шашақ қанаттылардың ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдайтын (мыс., темекі трипсі, т.б.), өсімдік ауруларының қоздырғышын тарататын (бактериялар, вирустар) түрлері бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]