Хлороз
Хлороз — өсімдіктерде болатын ауру түрі. Хлороз кезінде өсімдіктерде хлорофилдің түзілуі бұзылып, фотосинтездің белсенділігі төмендейді. Хлорозды потогендік микроорганизмдер, топырақта темір және басқа микроэлементтердің жетіспеуі, шамадан тыс артық ылғалдылық тудырады. Көбіне хлорозға жеміс ағаштары мен әсемдік дақылдар ұшырайды. Негізгі белгілері: жапырақтың ерте сарғаюы мен түсуі, сирек жапырақтылық, өркен ұштарының солуы, тамыр жүйесіндегі белсенді бөліктердің өлуі, т.б. хлороздың жұқпалы және жұқпалы емес немесе әрекеттегі және тұқым қуалағыш (алажапырақтылық, күлжапырақтылық) түрлерін ажыратады. Күресу шаралары: тыңайтқыш қолдану, карбонатты топырақты қышқылдандыру, инфекция жұқтырғыштарымен күрес, топыраққа жетіспейтін элементтерді енгізу, ауру өсімдіктерді отау, т.б.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 9 том.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |