Хинин ағашы
Хинин ағашы | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Cinchona pubescens хинин ағашының гүлі
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||||
Cinchona officinalis Карл Линней | ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
38 түрі белгілі |
Хинин ағашы, цинхона (лат. Cinchona) – рияндар тұқымдасына жататын өсімдік.
Хинин ағашы Оңтүстік Америкада, Анд тауларының (3300 м биіктікке дейін) баурайында өседі, 40-қа жуық түрі бар. Биіктігі 10 — 15 м, қарама-қарсы орналасқан, етжең жапырақтарының жиегі тілімденбеген. Ағаштың діңінде және т.б. бөліктерінде медицинада пайдаланатын хинин, цинхонин, т.б. алкалоидтар болады. 17 ғасырдан бастап, өзінің отанында хинин ағашын емдік мақсатта пайдалану үшін көп кескен. 19 ғасырда оның тұқымын жасырын Ява аралы мен Үндістан түбегіне әкеліп, сол жерлерде хинин ағашының плантациясы өсіріле бастаған. Қазіргі кезде хинин алудың әлемдік негізгі үлесі Индонезияға тиеді. Леджер хинин ағашы (С. offіcіnalіs), қызыл діңді хинин ағашы (С. succіrubra), т.б. түрлерінің будандары қолдан өсіріледі. Соңғы кезде хинин ағашын медицинада көп пайдалануға орай, олардың мәдени өсу орт-тары азая түсті. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том