Самсун
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Самсун (қала) (түр. Samsun) – Түркияның солтүстігінде, Самсун илінің әкімшілік орталығы саналатын қала. Солтүстігінде Қара теңіз, шығысында Чаршамба, батысында Ондокузмайыс пен Бафыра, оңтүстігінде Кавак қалаларымен қоршалған. Халық саны 532 000 адам (2008 жыл). Самсун – Қара теңізіндегі Самсун айлағының жағалауындағы ең ірі порт. 1973 жылы жүк айналымы 1,5 миллион тоннаны құрады. Қалада теміржол станциясы мен әуежай орналасқан. Темекі шаруашылығымен айналысатын ауданның орталығы. Темекі, тамақ және химиялық өнеркәсіп дамыған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |