Саз құндызы
Саз құндызы Қазбалық ауқымы: Late Pliocene–Recent | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Myocastor coypus (Molina, 1782) |
Саз құндызы, нутрия (лат. Myocastor coypus) — өзі аттас тұқымдасқа жататын кеміруші. Негізгі мекені — Оңтүстік Американың тропиктік және субтропиктік аймағы. Оңтүстік-Батыс Еуропа елдерінде жерсіндірілген. Өзендердің жағалаулары мен батпақты жерлерде тіршілік етеді. Дене тұрқы 60, құйрығының ұзындығы 45 см-дей, салмағы 8 кг-дай. Артқы аяқтарындағы саусақтарының арасы жүзу жарғақтарымен көмкерілген. Жүнінің қылшығы ұзын, қоңыр түсті. Тіршілігінің көбі қыста қатпайтын су қоймаларында өтеді, жақсы жүзеді және сүңги алады. Қорегін ымырт түсе не түнде аулайды. Су өсімдіктерінің (қамыс, қоға, тұңғиық, сужаңғақ, т.б.) бұтақтары және тамырларымен, моллюскалармен қоректенеді. Өсімдіктердің сабағынан ұя жасайды, кейде ін де қазады. 4 — 5 айында жыныстық жағынан жетіледі. Жыл бойына көбейеді. Буаздық мерзімі 127 — 133 күн, дүниеге 4 — 6 (сирек 12) ұрпақ әкеледі. Табиғи жағдайда 8 — 10 жылдай тіршілік етеді. Саз кәмшатының терісі бағалы, еті де жеуге жарамды (әр аңнан 2,5 — 4 кг ет алуға болады). Саз кәмшаты 20 ғасырдың 30 — 50-ж. Қазақстанда Сырдария, Іле және Үлбі өзендерінің жағасына жерсіндіруге жіберілген, бірақ қатал климат жағдайларында тіршілік етуге бейімделе алмады. Қазір тек әуесқойлық жолмен қолда ғана ұсталады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Lessa, E., Ojeda, R., Bidau, C. & Emmons, L. (2008). Myocastor coypus. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 6 қаңтар 2009.
- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — зоология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |