iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: https://kk.wikipedia.org/wiki/Ретинол
Ретинол — Уикипедия Мазмұнға өту

Ретинол

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ретинол
Ретинол
Ретинол (Retinol)
Химиялық құрамы
ИЮПАК (2E,4E,6E,8E)-3,7-dimethyl-9-(2,6,6-trimethylcyclohex-1-en-1-yl)nona-2,4,6,8-tetraen-1-ol
Брутто-формула C20H30O
CAS 68-26-8
PubChem 445354
DrugBank 00162
Классификация
Фарм. топ Ретиноидтер
АТХ А11С А01
Дәрілік түрлері
Ақ немесе сарғыш кристалдар
Сауда атаулары
A дәрумені, ретинол ацетаты, ретинол пальмитаты

Ретинол немесе A1 дәрумені — майда еритін дәрумен, биологиялық белсенді қоспаларға жатады.[1]

Ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді, май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады, адам қараңғыда нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр деп атайды. Ксерофтальмия да бұның нәтижесінде пайда болады.

А дәрумені балық майында, бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі.

Бұл дәруменді 1913 жылы америкалық ғалымдар ашқан. 1931 жылы швейцариялық ғалым оның химиялық құрылысын анықтады.

Тәуліктік қажеттілігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Кім Жасы  Ретинол нормасы, мкг/тәулік
 Сәбилер   6 айға дейін  400
Сәбилер  7—12 ай  500
Балалар  1—3 жыл  300
Балалар  4—8 жыл  400
Балалар  9—13 жыл  600
Ерлер  14 жылдан үлкен  900
Әйелдер  14 жылдан үлкен  700

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]