Олигомерлер
Олигомерлер – молекулаларының мөлшері жағынан мономерлер мен жоғары молекулалық қосылыстардың арасынан орын алатын гомологтық қатардың мүшелері.[1] Олигомерлердің молекула массасының жоғарғы шегі оның химиялық табиғатына және жоғары эластикалық деформация мен еріксіз эластика күй шамасына тура келеді. Массалары 1,5104-не жететін полюсті және 5103 болатын полюссіз түрлері бар. Оларға молекула мөлшері өсуімен сипатталатын бірқатар физикалық-химиялық қасиеттер тән. Осыған орай реакцияға қабілетті (форполимерлер), полимерлерге дейін түрлене алатын және орталықтары жоқ олигомерлер деп бөлінеді. Форполимерлерге: полиэфирлі, эпоксидті, фенол-альдегидті, алкидті, т.б. шайырлар жатады. Бұлар қатпарлы пластиктер, пенопласттар, лактар, желімдер өндіруде кеңінен қолданылады. Олигомерлерді алудың көптеген синтездеу әдістері полимерлеу және поликонденсациялау процестерінде макромолекуланың өсуін тежеу реакциясына негізделген. Сонымен қатар олигомерлерді жоғары молекулалы полимерлерді деструкциялау арқылы алады.
Ішкі сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы 7- том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |