Нильс Ерне

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Нильс Ерне
Niels Kaj Jerne нем. '
Туған күні

23 желтоқсан 1911 (1911-12-23)

Туған жері

Лондон, Ұлыбритания

Қайтыс болған күні

7 қазан 1994 (1994-10-07) (82 жас)

Марапаттары


Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы

Нильс Кай Ерне (нем. Niels Kaj Jerne; 23 желтоқсан, 1911, Лондон, Ұлыбритания7 қазан 1994) — даниялық иммунолог, Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1984 жылғы лауреаты, «Иммундық жүйені дамытуда және бақылауда ерекше салыстырмалы теориясы үшін және моноклональдік антиденелердің өндіріс принципін ашықаны» үшін алды.

Нильс Ерненің ата-анасы оның ғасырлар бойы ата-бабалары жасаған, Фане дат аралында өмір сүрген.1910 жылы олар, Лондонға көшіп келіп өмірге 23 желтоқсанда Ерне келген. Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында ата-анасы Нидерландқа көшіп келеді, Ерне Роттердамда жастық шағын өткізіп, 1928 жылы бакалавр мамандығы бойынша бітірген. Лейден университетін бітіген соң, осында екі жыл физиканы оқыған. Осыдан кейін Копенгагенге көшіп келіп, ол Копенгаген университетінде медицинаны зерттей бастады, осында 1947 жылы медицинада докторлық, сонда 1951 жылы «Қоян терісіне негізделген дифтериялық токсин және антитоксинмен қоспасында авидитеттікке ғылыми-зерттеу» деген тақырыпта диссертация қорғады.

1943 жылдан 1956 жылға дейін Ерне Дания Ұлттық Сарысу институтында жұмыс істеп, онда 1954-1955 жылдарыКалифорния технологиялық институтына барып тұрды (Пасадина, Калифорния). Осы уақыт ішінде ол антиденелердің түзілундегі өз теориясын тұжырымдады. Оның есіне алуынша, ол тұжырымдама ол Копенгагенде жұмыстан үйіне велосипед мініп келе жатқанда келген.[1]

Ерненің антиденелердің қалыптасу теориясы оны әлемге танымал етті және 1956 жылдан ол ДДСҰ-да Женевада Биологиялық стандарттар және иммунология бөлімінің басшысы болып істеді. 1962-1966 жылдары Питтсбург университетінде (Питтсбург) ол медицина мектебінде микробиология бөлімінің басшысы және микробиология профессоры болды, ДДСҰ сарапшысышылық жұмысын жалғастырды. 1966 жылы Ерне Еуропаға оралып Иоганн Вольфганг Гёте университетітінде (Франкфурт) профессор ұстанымын қабылдады. 1969 жылы Базель иммунология институтының (Базель) директоры болып, зейнетке шыққанша 1980 жылға дейін істеді.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]