Мускат сәлбені
Мускат сәлбені | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Salvia sclarea L. |
Мускат шалфейі (лат. Salvia sclarea) – ерінгүлділер тұқымдасының сәлбен тегінің көпжылдық аралас тал-шілік.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстандық сегіз түрдің ішіндегі тиімді және көріктісі. Батыс Тянь–Шаньның , Шу Іле тыуларының және Іле Алатауының оңтүстік батыс бөлігіндегі барлық жоталарда (Жамбыл және оңтүстік Қазақстан облыстары) кездеседі. Кеуіп қалған арналардағы малта тастарда, аласа таулардың ірі қиыршықтасты және ұсақ топырақты беткейлерінде, кейде бақшаларда, арық жағасында,егістіктерде өседі.
Ботаникалық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл биік (120 см) көпжылдық, түзу төртұырлы шатысқан қалың түкті сабақты.
Ал гүлшоғыры безді түкті. Сабақтағы жапырақтары ірі (ұзындығы 10 см, ені 6 см) жұмыртқа пішінді, қатпарлы, түкті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізіді бұтақталған, гүлдері қысқа гүлтабанында, гүлмаңындағы жапырақтардың қолтығына орналасқан. Гүлдері ірі ұзындығы 3 см-ге дейін, екі ерінді, қоңыраулы тостағаншасымен және ақ немесе ашық күлгін түсті күлтелі. Күлте түтігі қысқа. Қап тәрізді кеңейген, үстіңгі ерні астыңғысынан ұзындау, жарты телпекктің пішініндей, астыңғысы үш қалақты. Аталығы төртеу, оның екеуі жеміс береді, түйін бағанасы аталықтардан үзын және күлтеден қылтиып шығып тұрады. Гүлдеу мерзімінде (маусым-шілде) шалфей айтарлықтай көрнекті, бұл мезгілде ғана емес, ашық түсті (ақ, ашық күлгін немесе көкшіл) үлкен гүл маңайындағы жапырақтары көз тұндырады.
Жемістері ( жалаңаш, қоңыр жаңғақшалар) шілде-тамызда піседі.
Пайдалануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шалфейдің жер асты бөлігі иісі жағымды эфир майын бөледі. Бұл тағам өнімдерін өндіруде және косметикалық заттаржасауда пайдаланады.майлы бояулар және олиф өндіруде қолданады. Жапырағы, гүлшоғыры, гүлдері және тұқымы халықтық медицинада бүйрек, жүтқыншақ, тіс, асқазан жарасын емдеуге, суық тигенде (тұмау), іріңді жараны және сыздауықты емдеуге қолданылады. Жапырағы көкөніс консервілегенде, тамаққа дәм беретін қоспа ретінде, ірімшікпен шайды хош иістендіруге пайдаланылады. Мускат шалфейі Қарамда, Краснодар өлкесінде және Қырғызстанда ертеден мәдени жағдайда өсіріліп келеді. Мәдени түрде өсірілетін өсімдік 1 га-дан 20 кг эфир майын береді. Табиғатта бағалы омарталық өсімдік (шірнелік өнімділігі 1га-дан 170 кг дейін).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ А. А. Иващенко "Қазақстанның өсімдіктер әлемі"
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Salvia sclarea |