Малколм Икс
Малколм X | |
---|---|
Дүниеге келгені: |
кіші Малколм 1925 ж. мамырдың 19 Омаха, Небраска, АҚШ |
Қайтыс болғаны: |
1965 ж. ақпанның 21 (39 жаста) New York City, New York, АҚШ |
Cause of death | Assassination (multiple gunshots) |
Resting place | Ferncliff Cemetery |
Other names | Қажы Мәлік әл-Шабаз |
Organization | Nation of Islam, Muslim Mosque, Inc., Organization of Afro-American Unity |
Influenced by |
Elijah Muhammad, Marcus Garvey |
Political movement |
Black nationalism, Pan-Africanism |
Дiнi: | Ислам |
Жұбайы: | Betty Shabazz (m. 1958) |
Балалары |
Attallah Shabazz Qubilah Shabazz Ilyasah Shabazz Gamilah Lumumba Shabazz Malikah Shabazz Malaak Shabazz |
Ата-аналары |
Earl Little, Louise Norton Little |
Қолы: |
Ма́лкольм Икс (Қажы Мәлік әл-Шаббаз (араб.: الحاجّ مالك الشباز); ағылш. Malcolm X, ағылшындық есімі — Литтл, ағылш. Little, 19 мамыр 1925 — 21 ақпан 1965) — американдық қара нәсілділердің тең құқықтары үшін исламдық күресші. Икс оның серіктері арасында АҚШ-Тағы қараңыз нәсілділердің құқығын қорғаушы ретінде танымал, ол еуропалық тамырлары бар америкалықтарды афроамерикалықтарға қарсы қылмыстарға кінәлі деп қатты сынға алған. Икстың қарсыластары оны расизм мен зорлық апологиясымен кінәлаған. Икс тарихтағы ең беделді афроамерикалық деп танылған адам.
Биографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]19 мамыр 1925 жылы Омаха, Небраска штатында туған. Алты жасында әкесі ақ нәсілшілдердің қолынан мерт болған-ды. Жеті жылдан кейін Икстың анасы психиатрлық емханаға жатып Икс өгей отбасына көшеді. Ол жиырма жасында ұрлық пен қарақшылық үшін түрмеге жабылып сонда діни және ұлтшылдық афроамерикалық "Ислам ұлты" ұйымына мүше болады. Бостандыққа 1952 жылы шыға салысымен тез арада Икс сол ұйымның көшбасшыларының біріне айналады. Он екі жыл бойы ол қоғам қарама-қайшы қабылдаған осы ұйымның жетекші тұлғасы болады. Ұйымның доктринасы сай қара нәсілділер басқалардан жоғары болған. Икс қара нәсілділердің азаматтық құқықтары үшін күресуші қозғалыс мүшелерінің интеграциялық үндеулеріне мысқылмен қараған. 1964 жылы Икс Ислам ұлты ұйымы іс-қимылына, әсіресе оның жетекшісі Илайджа Мұхаммедке көңілі толмай ұйымнан шығым сүнниттік Исламға бой бұрып Африка мен Таяу Шығысты аралайды. АҚШ-қа қайта оралып ол өзінің бұрынғы расистік көзқарастарынан "Мен [қара] мұсылман бола тұра көп қателік жасадым...зомби болыппын. Маған бағыт беріп солай жүруге бұйрық берілген" деп бас тартады. Малкольм Икс 1965 жылы Гарлемге кіре берісте халық алдын сөз аларда атылып өлтіріледі. Нью Йорк қаласында бульвар атауына Малколм Икс есімі берілді. 1992 жылы американдық режиссёр Ли Спайк Малколм Икс (фильм)ін түсірді.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Малколм Икс (фильм)
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Malcolm X: a revolutionary voice for African Americans. — ISBN 1-4027-4589-3.