iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: https://kk.wikipedia.org/wiki/Лурлар
Лурлар — Уикипедия Мазмұнға өту

Лурлар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лурлар
Бүкіл халықтың саны

2,8 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Иран

Тілдері

лур тілі

Діні

шиизм

ЛурларИрандағы халық (2,8 миллион адам, негізінен кіші Луристан тарихи аймағы және Фарс). Сонымен қатар Иракта да тұрады.[1] Жалпы саны 2,86 млн адам (1995).[2]

Этногенезі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лур этногенезі жеткілікті зерттелмеген. Лурлар ежелгі элам халқы мен оңтүстік иран тармағындағы бөтен тайпалардың араласуы нәтижесінде пайда болған деген болжам бар. Арабтар жаулап алғаннан кейін, Орта ғасырларда луристанда тәуелсіз Атабек әулеті билік жүргізді. Соңында XVIII ғасырда Иран мемлекетінің құрамына кірді.[3]

Лур әйелдері

Лур тілі - үнді-иран тілдер тобына жататын тілдердің бірі. Кейбір лингвистер лур және бақтияр тілдерін, ирандық оңтүстік-батыс диалектілері деп ажыратады. Бірқатар лингвистер, мысалы, Текстон, лур тілі парсы тілінен 1000 жыл бұрын пайда болған деп есептейді. Кейбір ғалымдар 2 негізгі лур диалектілерін ажыратады, олар өз кезегінде жергілікті диалектілерге де бөлінеді.[4]

Діни ұстанымдары: мұсылман-шииттер.[5]

Лурлар Иранның оңтүстік-батыс бөлігінде Лурестанда, Иламда, Чехармехал мен Бахтиариде, Кохгилуйеде және Бойерахмедте, Фарста, сондай-ақ Ирак пен Кувейтте шағын топтарда тұрады. Лурестан провинциясы (остан) шамамен Кіші Луристанға («Лор-е-кучик») сәйкес келеді, ол Лур тайпасының негізгі аймағы және Үлкен Луристанның («Лор-е-Бозорг») өзегі болып табылады.[6]

Пуште-Коха аймағының лурлары көшпелі мал шаруашылығымен айналысады (қой, ешкі, есек, қашыр), егіншілік қосалқы рөл атқарады. Егін көшпелі жайылымнан оралу кезеңінде жиналады. Пеш-Кох аймағында егін шаруашылығы дамыған, тайпалар негізінен отырықшы, бидай, арпа, күріш, тары, бұршақ дақылдарын өсіреді. Ирактың лурлары жартылай көшпелілер.[7]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лурлар кіші туысқан топтарға бөлінген тайпаларға бөлінеді. Оларды мұрагерлік хандар мен әскери ақсүйектер басқарады. Отбасы шағын болып келеді, неке патрилокальды.

Би билеп жіберген Лур әйелі

Дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көшпелілердің баспанасы – ешкі жүнінен жасалған шатыр. Қыстауларда тас жасалған жұпыны үй. Отырықшы лурлар саз балшықтан істелген үйлерде тұрады.

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ерлер киімі – кең шалбар, мақта матадан тігілген ұзын көйлек. Көйлек үстіне қара мақта немесе матадан жасалған жеңсіз күрте, халат немесе қол саңлаулары бар киіз шапан киеді. Бас киім киізден жасалған. Әйелдер киімі парсы киімдеріне жақын.

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көшпелілердің тағамы сүт өнімдері мен қой етінен болса, отырықшы лурлар ұннан жасалған тағамдардан (ашытылмаған шелпек, т.б.) тұрады.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Үлкен энциклопедиялық сөздік. Тексерілді, 19 қыркүйек 2024.
  2. Энциклопедиялық сөздік. Тексерілді, 19 қыркүйек 2024.
  3. Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 19 қыркүйек 2024.
  4. Лурлар. Тексерілді, 19 қыркүйек 2024.
  5. Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 19 қыркүйек 2024.
  6. «Лури» сөзінің мағынасы. Тексерілді, 19 қыркүйек 2024.
  7. Әлем халықтары/Лурлар. Тексерілді, 19 қыркүйек 2024.
  8. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 299-300. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.