iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: https://kk.wikipedia.org/wiki/Лакмус
Лакмус — Уикипедия Мазмұнға өту

Лакмус

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лакмус

Лакмус (нидер. lakmoss ) — қыналардың кейбір түрлерінен алынатын бояғыш зат. Құрамы күрделі және толық анықталмаған. Лакмустың бояғыш құраушысы — азолитмин (индофенол) C7H7NO4, әлсіз қышқыл. Тұздары көгілдір түсті. Ол қышқылдық ортада қызыл, сілтілік ортада көк түске өзгереді, ал бейтарап ортада өзгеріске түспейді. Сондықтан Лакмус реакциялық ортаны анықтайтын индикатор ретінде қолданылады. Лакмусты алу үшін өсімдікті ұсақтап оны поташтың немесе аммиактың сулы ерітіндісінде ашытады, қоспа біртіндеп қара-көк түске өзгереді, содан соң оған бор немесе гипс қосады, алынған массаны кішкене кубиктер түріне келтіріп оны ауада кептіреді. Ал практикада Лакмустың сулы ерітіндісін қолданады, негізінен реактив қағазы түрінде көп пайдаланылады.Құныс - омыртқанын сагитталды (жебелес) жазықтықта артқа қарай шығыңкы болып майысуы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0