Көк өгіз
Көрініс
Көк өгіз – мифтік бейне. Орталық Азия халықтарының ежелгі түсінігі бойынша, тәңірінің әмірімен ең әуелі жер жаралды, одан соң көк жаратылды, жер мен көкті мүйізімен көтеріп тұрған бір алып Көк өгіз бар, ол өзіндей бір үлкен балықтың үстінде тұрады. Көк өгіз шаршап, жерді бір мүйізінен екінші мүйізіне ауыстырғанда жер сілкінеді, екі мүйізі сынса ақырзаман болады. Мұндай наным Еділден Кавказ, Қырымға дейінгі аралықтағы халықтардың арасында ертеден таралған. Осы тәрізді ежелгі дүниетанымдық миф іздері әлем халықтарының көпшілігінде сақталған, тек оларда жерді көтеріп тұрған хайуан әр түрлі: кит, балық, тасбақа, т.б.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |