iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: https://kk.wikipedia.org/wiki/Күйе
Күйе — Уикипедия Мазмұнға өту

Күйе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Күйе– органикалық заттар толық жанбағанда немесе термиялық айырылуға ұшырағанда түзілетін ұнтақ тәрізді, негізінен, көміртектен (94,5 – 99,8%) тұратын өнім.

К. өлшемдері 9 – 600 нм сфералы бөлшектерден тұрады. Менш. салм. 1,8 – 1,95 г/см³. К. қара бояу ретінде ерте заманнан белгілі. Одан қара тушь пен қара сия дайындаған. Алыну тәсілдеріне қарай К-нің үш түрі бар: каналды К. арнайы камераларда табиғи газдың толық жанбауынан немесе оның мұнаймен қоспасының жануынан түзіледі; пеш К-сі арнайы пештерде майдың, табиғи газдың немесе олардың қоспасының толық жанбауынан түзіледі; термиялық К. арнайы реакторларда табиғи газды ауаның қатысуынсыз термиялық ыдырату арқылы алынады. Өндірісте К. ацетиленді жағу немесе әр түрлі қысымдарда термиялық ыдырату арқылы алады. К. тех. көміртек күйінде толтырғыш ретінде, резеңке, қара пигмент, лак, бояу өндіруде, баспа ісінде қолданылады.‎