Кюсю

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кюсю
жапон. 九州
Сипаттамасы
Ауданы40 600 км²
Ең биік нүктесі1788 м
Тұрғындар (2010 жыл)12 000 000 адам
Халық тығыздығы295,567 адам/км²
Орналасуы
33° с. е. 131° ш. б. / 33° с. е. 131° ш. б. / 33; 131 (G) (O) (Я)Координаттар: 33° с. е. 131° ш. б. / 33° с. е. 131° ш. б. / 33; 131 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияТынық мұхит
Ел Жапония
АймақКюсю
Кюсю (Жапония)
Кюсю
Кюсю (Тынық мұхит)
Кюсю
Кюсю Ортаққорда

Кюсю (жапон. 九州 Кю:сю:) — Жапонияның оңтүстігіндегі арал. Шығысынан Тынық мұхитпен, солтүстік-шығысынан Ішкі Жапон теңізімен, батысынан Шығыс Қытай теңізімен шектелген. Ауданы 42 мың км². Жері таулы, төбелі келеді, ең биік жері – Кудзю жанартауы (абсолютiк биіктігі 1788 м). Асо, Кирисима, Сакурадзима әрекетті жанартаулары бар. Ыстық бұлақтары көп, жер сілкіну жиі болып тұрады. Климаты субтропиктік, муссондық. Субтропиктік мәңгі жасыл және қылқан жапырақты орман өседі. Халық тығыз (1 км²-де 300 адам) қоныстанған. Басты қалалары: Кумамото, Нагасаки, Китакюсю.