Кальмарлар
Кальмарлар | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Mastigoteuthis_flammea
| ||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
| ||||||||
Синонимдері | ||||||||
|
Кальмар (лат. Teuthida) — Басаяқтылар класының он аяқты моллюскілердің отрядын. Ұзындығы — 0,25—0,5 м, кейде 18 м жететін омыртқалы жануарлар арасындағы ірі моллюскілер.
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кальмарлар, сондай-ақ сегізаяқтар, теңіз құрттары, наутилустар мен аргонавтар моллюскілердің даму шыңы ретіндегі басаяқтылар класын құрайды. Олардың аяқтары сорғыштарға толы икемді қармауыш-қолдарға және қозғалуға қызмет ететін шұңғылдарға айналып кеткен. Барлығы да - белсенді жыртқыштар, сондықтан көздері қырағы (көздерінің құрылысы омыртқалы жануарлардікіндей), іс-әрекеттері күрделі, соған сәйкес милары да жақсы дамыған. Мұндай белсенді әрі қозғалғыш жануарларға ауыр қабыршақ тек қана бөгет болар еді, сондықтан басаяқтылардың басым көпшілігінде қабыршықтың тері жабыны астындағы рудименттік қалдықтары ғана қалған немесе мүлдем жоғалған.
Құрылысы, қоректенуі және суда жүзуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кальмарлар - теңіздің жауынгер тұрғындары. Олжасын (балықты және басқа кальмарларды) олар епті жаралған арнайы екі қармауышымен аулайды, бұлар қалған сегіз қармауышынан ұзынырақ. Олардың сорғыштарында көбінесе ілмектер немесе өткір кескіш жиектер болады. Кальмарлар тотықұстың тұмсығына ұқсайтын қуатты мүйіз жақ сүйектерімен ірі балықтың басын оп-оңай тістеп үзе алады. Басяақтылардың бәрі реактивтік қозғалыс әдісін пайдаланып жүзеді, бұл әдісті олар адамнан көп уақыт бұрын білген. Олар мантия қуысына су толтырып алып, содан кейін оны шұңғыл сифон арқылы қатты шығарады. Нәтижесінде моллюскіні қарама-қарсы жаққа итеретін реактивтік күш пайда болады. Дене пішіні зымыранға ұқсайтын кальмарлар- басаяқты моллюскілердің ішіндегі ең жүйрік жүзгіштер, олардың кейбіреулері жылдамдығын сағатына 55 км дейін арттыра алады. Олар Әлемдік мұхиттың барлық қойнауларын мекендейді, терең су астындағы түрлері де аз емес. Бұл кальмарлардың бадырайған көздері түнекте де көре алады. Сонымен қатар, олардан ерекше сезім мүшесі- термомкопиялық көздер табылған, осындай біренше оңдаған көздері жүзбеқанаттарында орналасқан.
Бұл көздер жарықты емес, инфрақызыл немесе жылу сәулелерін көреді. Шамасы мұндай жылу сезгіштер кальмарлардың кашалотпен кездесіп қалмауына көмектесетіндей, өйткені бұл кит тәрізділердің негізгі қорегі кальмарлар ғой.
Кальмар еті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кальмар еті жұғымды, нәрлі болып келеді. Етінде 81,4% белок, 5-8% май, 1,4% гликон, 10,2% минералдық заттар бар; дәмді әрі сапалы тағамдар әзірленеді.[1] Кальмарларды консервілейді, сондай-ақ терісі мен тұмсығын және сүйегінен арылтқаннан кейін пайдалануға дайын болатын жартылай фабрикаттар шығарады. Кальмардың етін пайдалану алдында салқын суға салып жібітіп, сыртқы қабыршағынан таз артып, мұқият жуады(2—3 рет). Кальмарды тұзды суға салып, баяу жанған отқа қойып, 3—5 минут қайнатады (1 кг кальмарға 2 л су және 15 г тұз керек). Ет ыстық суда неғұрлым көп жатса, ол солғұрлым қатты болады. Қайнап піскен кальмар ды сорпасынан алмай салқындату керек. Кальмардың етін салатқа және винегретке қосады, сондай-ақ оны көкөніспен қосып бұқтырады (5—10 минут), ал консерв іл енг ен кальмар ды бірден пайдалануға болады.[2]
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кальмарлардың шамамен 300 түрі белгілі, олар, негізінен, екі топқа бөлінеді: таяз су кальмарлары және терең су кальмарлары. Таяз су кальмарларына Калифорния кальмарлары, кәдімгі еуропалық кальмарлар, Кариб рифі кальмарлары және көптеген басқа да кальмарлар кіреді. Ал терең су кальмарларына қысқа қанатты кальмарлар, жарық шығаратын кальмарлар, перулік кальмарлар және т.б. жатады.
Жүйке жүйесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кальмарлар – ең ақылды омыртқасыздар. Олардың жүйке жүйесі өте жақсы жетілген, миларының денелеріне қатынасы жоғары. Олар бірігіп аулау қабілетіне ие омыртқасыздардың қатарына кіреді. Сонымен қатар, олар белсенді түрде бір-бірімен байланысатын жалғыз омыртқасыздар.
Алып кальмарлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алып кальмарлар – адам баласына белгілі ең үлкен кальмарлардың бірі. Осыған дейін ең үлкен кальмардың ұзындығы 18 мдей болған. Өте үлкен кальмарлардың көздері секілді алып кальмарлардың да көздері әлемдегі жануарлардың ішіндегі ең үлкендері. Алып кальмарлардың табиғи мекен ету орталары белгісіз. Алайда олар2001000 м тереңдікте өмір сүреді деген тұжырым бар.
Өте үлкен кальмарлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өте үлкен кальмардың ұзындығы 12-14 м болады. Өте үлкен кальмарлар Антарктиданың маңындағы Оңтүстік теңізінің терең қабаттарынан кездескен. Бұл кальмарлар алғаш рет 1925 жылы, олардың екі қолы кашалоттың асқазанынан табылған кезде белгілі болды. 2007 жылдың ақпан айында Росс теңізінде өте үлкен тірі кальмарды қайықпен ұстады.
Аңыздар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кемені су түбіне сүйреп әкететін ирек-ирек қармауыштармен қаруланған теңіз құбыжықтары-кракендер туралы аңыздар теңізшілер арасында ерте заманнан бері айтылып келген. Алғашқы кракен 1873 ж. ауға түсіп, ғалымдардың қолына берілді.Жұмбақ жануар алып кальмар болып шықты, оған архитеутис деген ат берілді. Архитеутистер 200-1000м тереңдікте өмір сүреді де, су бетіне сирек шығады. Олар балықты және тіпті дельфиндерді де қорек етеді. Басты және бірден-бір жаулары-кашалоттар, кейде осы теңіз алыптарының арасында өліспей беріспейтін айқас болып жатады.
Қызықты деректер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Стенотеутис деген кальмар балықты қууға беріліп кеткенде судан секіріп шығып, ауамен 150 м ұшып өтеді. Осы ерекшелігі үшін оны ағылшын балықшылары "флайинг-сквид"- "ұшқыш кальмар" деп атапты[3].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- ↑ Балалар энциклопедиясы,РОСМЭН,ISBN 978-5-353-06046-8,УДК 087.5,ББК 92