Иоганн Штраус
Иоганн Штраус-(кіші ұл) (нем. Johann Strauß; 1825 жылдың 25 қазанында Венада дүниеге келіп —1899 жылдың 3 маусымында Венада қайтыс болған) — көптеген би шығармаларының және танымал оперетталардың авторы, австриялық композитор, дирижёр және скрипкашы, мойындалған «вальс королі».
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Иоганн Штраус-үлкен – танымал австриялық композиторының отбасында дүниеге келген. Оның арғы атасы католик дінін қабылдаған Будалық (Будапешттің бір бөлігі) еврейі Иоганн Михаэль Штраус (1720—1800) болды. Штраус-кішінің төрт бауырының екеуі (Йозеф пен Эдуард) де танымал композитор атанған.
Баласының банкир болуын қалаған әкесінен тығылып, бұл бала скрипкада ойнап үйренді, себебі оның скрипкада ойнап жатқанын көргенде әкесі қатты айқай шу жасайтын. Бірақ Иоганн – кіші анасының көмегімен, тығылып, музыка саласында жетіле бастады. Әкесі оны уақыты келгенде Жоғары коммерциялық училищеге беріп, кешкі уақыттарда есеп жүргізу жұмысымен айналысқызды. 1844 жылы Иоганн-кіші оған жағымды ұсыныстар (мамандыққа лицензия алу үшін) берген белгілі педагогтардан өзінің музыкалық білімін аяқтайды. Ол магистратқа оркестрдің дирижері болуға өтініш білдірген кезде, Иоганн-үлкеннің бұған тосқауыл қоятынынан қорқып, анасы күйеуінің көп жылдар бойы оған опасыздық жасағанын себеп қылып, ажырасуға арыз жазды. Штраус-үлкен бұған жауап терінде Аннаның балаларын мұрагерліктерінен айрыпы, барлық байлығын өзінің Эмилия Трампуш сынды көңілдесінен туған балаларына жазады. Аннамен ажырасқаннан соң ол заңды түрде Эмилияға үйленеді, ол кездің өзінде олардың ортақ 7 баласы болған екен.
Соңғы жылдары Штраус концерттерін өткізбей, үйден де шықпайтын жағдайға жетті. Бірақ «Жарқанат» опереттасына 25 жыл толғандықтан оны увертюраның дирижеры болуға көндірді. Оның жолда бара жатқанда қызуы көтеріліп, қатты суық тигізіп алды. Штраус 73 жасында «Золушка» балетін аяқтап үлгермей Венада пневмониядан қайтыс болды. Келесі жылы оның ағасы Йозеф Байер ол балетті соңына жеткізеді. Штраус Венаның орталық зиратында жерленген.
Иоганн өзінің бар байлығын музыкалық қоғамға қалдырды. Әйелі Адельге тек рента ғана қалды. Ол 31 жыл Иоганның әйелі болған, кейін Штраустың мұражайын жасауға және оның шығармаларын жариялауға көп күш жұмсайды. Ол тіпті күйеуінің Ольгаға жазған махаббатқа толы хаттарын тауып, сақтап қойған.
Штраус қайтыс болғаннан соң оның түрлі шығармаларынан жинақталған бірнеше оперетталардың көрінісі қойылды. Олардың біріншісі «Веналық қан», шығармасы, оның арқауы Штраустың бір есімді вальсі саналады. Штраус қайтыс болмай тұрып бұл шығарманы жасауға рұқсатын берген болатын.
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Иоганн Штраус өмірінде 496 шығарма жазған: 168 вальс, 117 полька, 73 кадриль, 43 марш, 31 мазурка, 16 оперетта, комикалық опера және балет. Гершвин джазбен не істесе, Штраус сол сияқты билейтін музыканы симфониялық биіктікке ұшыратты. Штраустың шығармашылығымен Оффенбахтан Вагнерге дейін, Легарден Чайковскийге дейін түрлі композиторлар тамсанды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Соловьёв Н. Ф.,— Штраус, Иоганн (сын) // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
Владимирская А. Р. Звёздные часы оперетты. — Л.: Искусство, 1975. — 136 с.
Трауберг Л. Жак Оффенбах и другие. М.: Искусство, 1987, глава 9: Штраус.
Ярон Г. М. О любимом жанре. — M.: Искусство, 1963. — 254+илл. с.
Айгнер Томас «Иоганн Штраус — Ольга Смирнитская. 100 писем о любви.» Документальный роман. М.: Время, 2005, 240 с, — ISBN 5-9691-0070-6
Мрочковская-Балашова С. «Мой ангел, мой чертенок. Петербургский роман Иоганна Штрауса и Ольги Смирнитской» ОАО Издательство «Радуга», 2002.