Донато Браманте
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Донато Браманте | |
итал. Donato Bramante | |
Медичи вилласындағы Браманте ескерткіші | |
Туған кездегі есімі |
Донато ди Паскуччо д’Антонио |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Жанры | |
Өнер ағымы | |
Донато Браманте (итал. Donato (Donnino) di Pascuccio di Antonio detto il Bramante 1444, Ферминьяно — 1514 ж. 11-сəуір, Рим) — Қайта өрлеу дәуірі архитектурасының негізін салушы жəне ірі өкілі. Оның ең атақты еңбегі батыстық христиан дінінің басты шіркеуі – Ватикандағы Әулие Петр соборы.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Донато Браманте Италиядағы Монте Асдруальдо (қазіргі Ферминьяно) елді мекенінде дүниеге келген. Жастық кезін Урбино қаласында өткізіп, атақты көркемсуретшілер Пьеро делла Франчески мен Лучано Лаура шығармашылығының əсерінде болады. Еңбек жолын суретші ретінде бастаған. 1476 ж. герцог Лодовико Мороның Миландағы сарайына суретші ретінде шақырылады, осы жерде Леонардо да Винчимен кездеседі, оның қала салу ісіндегі ойлары Брамантеге үлкен əсер қалдырады.
Браманте Миланда жиырма жыл жұмыс жасады. Осы кезеңде ол бірнеше ғимарат тұрғызды, соның ішінде Санта-Мария-делле-Грацие шіркеуінің мехраптық бөлігін бөлігі де бар. 1499 жылы, француз іскерінің Миланды жаулап алуына байланысты, Римге көшеді. Бұл жерде Браманте еңбектерінде классикалық тазалық байқалды. Сан-Пьетро-ин-Монторио шіркеуінің жанындағы Темпьетто (1502 ж.) кіші шіркеуін салу кезінде жоғарғы дəрежелі пластикалық тұтастылыққа қол жеткізді. Папа Юлий II кезінде папаның бас архитекторы болып қызмет етті; 1503 жылдан бастап Юлий II тапсырмасы бойынша Ватиканда ірі жұмыстар жүргізді (Сан-Дамазо жəне Бельведер сарайлары). Римнің басты шіркеуі - Әулие Петр соборының жоспарын жасап, құрылысын бастады (1505 ж.). Аркалардың биіктігіне дейін салып үлгерді. Браманте шығармашылығы - Өркендеу кезеңі архитектурасының шыңы.
Ватикан сарайы кешенінде Браманте екі сарай: Бельведера жəне Сан Дамазо сарайларыны салған. Оның өзге де ірі жұмыстарының қатарына Сан-Пьетро-ин-Монторио шіркеуінің жанындағы Темпьетто дөңгелек шіркеуі (1502 ж.), Санта-Мария-делла-Паче шіркеуінің ішкі алаңы мен Римдегі ең танымал Өркендеу кезеңінің сарайы - Канчеллерия палаццосының фасады (1499—1511 жж.) жатады.
Брамантенің еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Миландық кезең:
- Санта Мария прессо Сан-Сатиро (алғашқы архитектуралық еңбегі) (1482-1486 жж.). IX ғасырда салынған ғимаратты қайта салу жəне қайта безендіру жұмыстары жүргізілген. Кешен Т-тəрізді планда салынған, цилиндрлік жиынтықпен жабылған шіркеу мен трансептың оң жағында орналасқан сегіз қырлы сакристиядан тұрады. Мехрап аймағы жартылай сфералық шатырмен жабылған. Шатырдың негізгі құрылымдық-архитектуралық бөлшектері Брунелески стиліне қарап жасалған, ол Пацци шатыр капелласының толықтырылуы болып табылады.
- Павия шіркеуі (1488 ж.). Браманте тек құрылысшылардың бірі ғана болды.
- Санта-Мария-делле-Грацие (1492-1497). Браманте шіркеуді қайта салумен айналысты. Жалпы жобаны жасаушы болғанына қарамастан, шатырдың сыртындағы ағаштарды ғана өзі салды, ал қалған бөлігін басқа да архитекторлармен біріге отырып аяқтады. Шіркеудің ең үлкен ерекшелігі - ғимарат бөліктерінің саты тəріздес орналасуы. Бұл тəсіл ғимараттың композициялық орталығы - күмбезге ерекше түр береді. Осы шіркеу жанында Браманте мейманхана салады, дəл осы жерде Леонардо да Винчи «Тайный Вечер» (қаз. «Құпиялы кеш») еңбегі салады.
- Римдік кезең:
- Санта-Мария-делла-Паче (1500—1504). Композиция екі қанатқа бөлінеді. Бірінші қанат - аркада, екіншісі - ашық алаң, бұл жерде бағаналар бос орналасқан мұнаралармен қатарластырылған. Бұл жерде сəндік безендірілу мен полихромияға деген қызығушылық азаяды, архивольттар тіптен кездеспейді.
- Палаццо делла Канчеллерия (1499—1511 жж.). Фасады өте ұзын, ағашты қалауға еліктеме жасалып салынған. Композиция үш қанатқа бөлінген, сəндік безендіру толықтай дерлік кездеспейді. Екі қанаты - тоскандық ордендермен əшекейленген мұнаралардан тұратын аркадалар, үшіншісі -пилястра. Төменгі қанат мұнараларының түсі жоғарғы қанат мұнараларына қарағанда күңгіртірек.
- Бельведер сарайы. (1505 ж.). Жүзеге асырылмаған. Террассалық композициямен бір кешенде болатын біртұтас ансамбль ретінде жоспарланған.
- Сан-Дамазо (1510 ж. )
- Сан-Пьетро-ин-Монторио шіркеуінің жанындағы Темпьетто (1502 ж.) кіші шіркеуі
- Әулие Петр соборы. (1506—1514 жж.). Браманте жоспарының негізінде бірдей ұшты грек кресті жатты. Бұрыштарда төрт күмбезді капеллалар, ал ішкі бұрыштарда төрт шіркеу мұнаралары орналасуы керек болатын. Композиция орталық-осьтік жəне нақты симметриялық болады деп жоспарланды. Брамантенің өліміне дейін тек төрт орталық пилон мен оңтүстік қабырғаның бір бөлігі салынып біткен болатын.
Браманте туралы естелік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Брамантенің есімімен Меркурийдегі кратер аталған.
- Брамант терезесі – бұл екі жағынан пиластерлер мен жоғарғы бөлігіндегі архивольт құрған тікбұрышты форматтағы рамкаға қосылған жартылай шеңберлі, арка тәрізді терезе ашылуының ерекше түрі. Браманте алғаш рет Римдегі палазцо Канчеллерияның Оңтүстік қасбетін безендіруде қолданылған.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Донато Браманте өмірбаяны Мұрағатталған 20 шілденің 2011 жылы. (итальян тілінде)