Гарнизон
Көрініс
Гарнизон (фр. gamir — жабдықтау, қаруландыру) —
- 1) Елді мекенде немесе оның аймағында тұрақты болмаса уакытша орналасқан әскери бөлімдер, әскери оқу орындары және мекемелер.
- 2) Бекіністе, бекіністі аудандарда немесе жеке корғаныс құрылысында (мысалы, қала гарнизоны, бекініс гарнизоны, форт (камал), т.б.) орналасқан әскери бөлімдер мен белімшелер. Өте маңызды тапсырмаларды орындайтын әскери бөлімдер жеке болады. Әскери округ колбасшысының бұйрығы бойынша әрбір гарнизонға гарнизон бастығы тағайындалады. Гарнизон бастығы карауыл және күзет кызметтері жөнінен осы гарнизонға карасты барлық құрама мен бөлімдердің командирлеріне (әскери оку орындары мен ұйымдарының бастықтарына) тікелей басшылык етеді. Гарнизон бастығы гарнизондағы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуына, қарулы күштердің жергілікті объектілерін қорғау жұмыстарынын жүргізілуіне, әскерлердің күнделікті өмірі мен жауынгерлік дайындыгына жағдай жасауға, өртке карсы үйымдастырылган күзет және гарнизон жұмыстарына әскерлерді қатыстыруға жауапты. Гарнизон қызметі ұйымдастырылатын аумақтың шекарасы әскери округ колбасшысының бұйрығымен белгіленеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |