Галактикалық шоғырлар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Топтасқан бес галактиканың біріккен кескіні, ғалам пайда болған соң 600 миллион жылдан кейін[1]

Галактикалық шоғырлар (ағылш. Galaxy cluster) және супершоғырлар (ағылш. supercluster) - көптеген галактикалардың ғаламда гравитация арқылы 10-нан 10000-ға дейін шоғырлануы. Бұл шоғырлар галактика шоғырлары деп аталады. Бұл шоғырлар бір-бірімен тағы бірігіп, Орасан шоғырларын құрайды. Орасан шоғырлар әрқайсысы онның он төрт дәрежесі Күн массасына тең 10 шақты галактика шоғырынан тұрады. Олар ғаламдағы ең үлкен құрылымдар және бірнеше миллион жарық жылына созылып жатады.

Жалғыз оңаша қалған галактикалар өте аз. Көптеген галактикалар гравитация арқылы бірігеді. Мысалы HCG 87 - Тауешкі шоқжұлдызындағы галактикалар тобы. Ол Жерден 400 миллион жарық жылындай қашықтықта орналасқан.

Жергілікті шоғыр - шамамен 25 галактикадан тұратын кішкене топ. Бұған, сонымен қатар, біздің галактикамыз - Құс жолы да кіреді. Ал, басқа мүшелері - Үлкен Андромеда галактикасы (М31), (М32), М33, Үлкен Магеллан бұлты, Кіші Магеллан бұлты, Двингело 1, бірнеше бұрыс галактикалар. Құс жолы мен Үлкен Анромеда - Жергілікті топтағы ең алып галактикалар.

Жергілікті орналасқан шоғыр - бикеш орасан шоғыры деп те аталатын Жергілікті орасан шоғыры Бикеш шоғырының ортасында орналасқан. Мұның 2000-ға жуық мүше галактикасы бар. Орасан шоғырдың құрамына, сонымен қатар, оның ортасында шамамен 400 км/сек жылдамдықпен айналып жүретін Жергілікті топ та кіреді.

Кома орасан шоғыры - кішкентай орасан шоғыр, Ол жерден шамамен 300 миллион жарық жылындай қашықтықта. Оның диаметрі 25 миллион жарық жылындай және құрамында шамамен 3000 галактика бар. А1367 (Арыстан шоғыры) және А1656 (Кома шоғыры) - орасан шоғырдың ең жарықтары.

Гидра орасан шоғыры - Жергілікті топтағы ең жақын алып орасан шоғыр. Ол шамамен 100 миллион жарық жылындай қашықтықты. Гидра орасан шоғырынң ішінде галактикалар өте көп. Кентавр орасан шоғыры - бізге ең жақын орналасқан орасан шоғыр. Бұл - орасан шоғырлардың ішіндегі үлкендерінің бірі. Гидра мен Кентавр орасан шоғырларын көбіне Гидра-Кентавр орасан шоғыры деп атайды.

Персей шоғыры - Персей шоқжұлдызында орналасқан. Персей шоғыры - аспандағы ең жарық шоғырлардың бірі. Ол жерден шамамен 300 миллион жарық жылындай қашықтықта. Құрамына мыңдаған галактика кіретін Персей шоғыры - Ғаламдағы ең алып нысандарының бірі. 2003 жылы НАСА-ның "Чандра" рентген обсерваториясын қолданып жүрген астрономдар Персей шоғырындағы қара құрдымнан дыбыс толқындарының шығып жатқанын байқайды. Бұл дыбыс толқындары Ғаламдағы нысандардан шыққан ең тереңі еді.[2]

Abell 2744 galaxy cluster – extremely distant galaxies revealed by gravitational lensing (16 October 2014).[3][4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Hubble Pinpoints Furthest Protocluster of Galaxies Ever Seen. Тексерілді 13 қаңтардың 2012.
  2. Ғалам. Энциклопедия/Қазақ тіліне аударған Д. Алипбаева. – Астана: "Фолиант" баспасы, 2012 жыл.
  3. a b NASA's Hubble and Spitzer Team up to Probe Faraway Galaxies, NASA (7 January 2014). Тексерілді 8 қаңтардың 2014.
  4. Chou, Felecia RELEASE 14-283 – NASA's Hubble Finds Extremely Distant Galaxy through Cosmic Magnifying Glass. NASA (16 October 2014). Тексерілді, 17 қазан 2014.
  5. Distant and ancient  (ағыл.). Тексерілді, 6 мамыр 2019.
  6. Strings of homeless stars. Тексерілді, 11 маусым 2018.
  7. From toddlers to babies. Тексерілді, 7 мамыр 2018.
  8. Approaching the Universe's origins. Тексерілді, 16 сәуір 2018.
  9. HAWK-I and Hubble Explore a Cluster with the Mass of two Quadrillion Suns. Тексерілді, 25 желтоқсан 2017.
  10. Streaks and stripes. Тексерілді, 27 қараша 2017.
  11. Cosmic RELICS. Тексерілді, 6 қараша 2017.
  12. Cosmic archaeology. Тексерілді, 24 қазан 2017.
  13. Hubble pushed beyond limits to spot clumps of new stars in distant galaxy. Тексерілді, 12 шілде 2017.
  14. Hubble Sees A Smiling Lens. NASA (10 February 2015). Тексерілді, 10 ақпан 2015.
  15. Image of the galaxy cluster SpARCS1049. Тексерілді, 11 қыркүйек 2015.
  16. Magnifying the distant Universe. Тексерілді 10 сәуірдің 2014.