Боливия
Көпұлтты Боливия мемлекеті ис. Estado Plurinacional de Bolivia кеч. Buliwya Achka nasyunkunap Mama llaqta айм. Wuliwya Suyu гуар. Tetã Volívia | |||||
| |||||
Ұран: «¡La unión es la fuerza! (Үлгі:Tr-es)» | |||||
Әнұран: «Bolivianos, el hado propicio» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 6 тамыз 1825 жыл (Испаниядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | испан тілі, кечуа, аймара, гуарани және басқа 33 тіл. | ||||
Елорда | Сукре (Конституция бойынша) Ла-Пас (Мемлекеттік мекемелер орналасқан) | ||||
Ірі қалалары | Санта-Крус-де-ла-Сьерра, Эль-Альто, Ла-Пас, Кочабамба | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Вице-президенті |
Эво Моралес Альваро Гарсиа Линера | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 27-ші орын 1 098 581 км² 1,29 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Тығыздығы |
11 428 245[1] адам (83-ші) 10,4 адам/км² (224-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
95,088 млрд. $ (92-ші) 8,320[1] $ (125-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
45,045 млрд. $ (95-ші) 3,942 $ (122-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,693[2] (118-ші) | ||||
Этнохороним | боливиялық, боливиялықтар | ||||
Валютасы | Боливиано | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .bo | ||||
ISO коды | BO | ||||
ХОК коды | BOL | ||||
Телефон коды | +591 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC−4:00, America/La_Paz және America/Cochabamba |
Боливия (ис. Bolivia, кеч. Buliwya, айм. Wuliwya, гуар. Volívia), ресми атауы — Көпұлтты Боливия мемлекеті (ис. Estado Plurinacional de Bolivia [esˈtaðo pluɾinasjoˈnal de βoˈliβja]) — Оңтүстік Американың орталығындағы мемлекет.
Боливия солтүстігінде және солтүстік-шығысында Бразилиямен, оңтүстік-шығысында — Парагваймен, оңтүстігінде — Аргентинамен, оңтүстік-батысында және батысында — Чили және Перумен. Теңізге шығатын жолы Чили 1879 жылы Антофагаста портың басып алғаннан кейін жоқ.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1532—1538 — қазіргі Боливия территориялары Франсиско Писарро мен Диего де Альмагро бастаған испандық конкистадорлар жаулап алады.
- 1542—1776 — Испандық вице-патшалығы Перу Жоғарғы Перу атымен. Боливия аймағы испандық помещиктерге бөлініп берілді. Үндістер энкомьенда жүйесіне қосылды.
- XVI—XVII ғасырлада — боливиялық Потоси қаласы Патшалық Аудиенциясы Чаркас құрамында Кәрі Әлем мен Жаңа Әлемнің тұрғыны бойынша ең ірі қаласы (160000 тұрғын) әрі ең ірі әлемдік өндырыс орталығы болған[3](во времена разработки серебряных рудников).[4]
- 1776—1810 —испандық вице-патшалық Рио-де-Ла-Плата құрамында.
- 1825 — Жоғарғы Перу тәуелсіздік жариялауы. мемлекет Боливия деп Симон Боливара есімімен аталып кетеді.
- 1879—1883 — Чилимен Екінші Тынықмұхиттық соғыс, жеңіліспен аяқталып Тынық мұхитқа шығатын аймағынан айрылады және Атакама шөліндегі селитра кен орнынан да айрылады .
- 1903 жыл - қарашаның 17 Бразилиямен оған Акри штатын беру туралы келісімге қол қойылады.
- 1932—1935 жыл — Чако-Бореаль мұнай кен орны үшін Парагваймен болған сәтсіз Чак соғысы.
- 1952 жыл — Виктор Пас Эстенсоро үкіметі қалайы өндірісін мелекеттендіруді бастатқан Боливия революциясы.
- 1964 жыл — генерал Рене Баррьентосом Ортуньо бастаған әскери төңкеріс. Кейінірек, 1966 жылы, Рене Баррьентос Ортуньо конституция бойынша президент болып сайланады.
- 1966—1967 жыл — Эрнесто Че Гевара партизандар тобымен басқаратын үкіметті құлату мақсатында көтеріліс ұйымдастырады. 1967 жылы қазанда АҚШ ОББ белсенді көмегімен үкімет армиясы Че Гевара жасақтарын жояды.
- 1969 жыл — президент Рене Баррьентос Ортуньо авиаапатта өледі. Қыркүйектің 26 әскери төңкеріс нәтижесінде генерал Альфредо Овандо Кандиа билікке келеді.
- 1970 жыл — 7 қазанда әскери төңкеріс нәтижесінде генерал Хуан Хосе Торрес басқарған солшыл офицерлер билікке келді
- 1971 ж. — 21 тамызда полковник Уго Бансером Суарес басқарған (1825 жылы 187ші рет) әскери төңкеріс орын алады
- 1978 ж. — Уго Банзер отставкаға кетуі. Жаңа президент Хуан Переда 24 қарашада генерал Давид Падилья Арансибиа бастаған әскери-конституционалистермен тақтан тайдырылды. Ол 1979 жылы жалпы сайлау өткізуді тағайындайды[5]
Мемлекеттік құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Республика. Мемлекет басшысы мен үкімет басшысы — президент, 5-жылдық мерзімге халықпен сайланады. 2006 жылдың қаңтардың 22нен — Хуан Эво Моралес. Президент үкіметті басқарады, министрлер кабинетін тағайындайды, қарулы күштер жоғарғы басшысы бойлып табылады.
Сайлау жай көп дауыс жинаған үміткер (50 %дан астам) президент деп танылады. Одан да анықтала алмаса парламент біріккен отырысында басым дауыс жинаған екі үміткердің бірін таңдайды.
2009 жылғы қаңтарда референдума нәтижесінде конституцияға өзгеріс енгізіліп (үндістерге айрықша құқық пен экономикаға мемлекеттік бақылау жайлы) кезекті президенттік және парламент сайлаулары мерзімінен бырын, 6 желтоқсанда 2009 жылы өткізілді. Моралес екінші рет сайлауға қатысуға рұқсат алып сайлауда айқын жеңіске жетті (60 %дан артық дауыс жинап).[6]
Екі-палаталы парламент — 36 сенатор және 130 депутат, 5 жылға сайланады.
Саяси партиялары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2009 жылдың желтоқсанындағы сайлау бойынша:
- Социализмге қарай қозғалысы — солшыл (басында Моралес), 26 сенатор, 88 депутат.
- Боливия үшін прогрессивті жоспар — оң-центристік, 10 сенатор, 37 депутат
- Ұлттық бірлік майданы — центристік, 3 депутат
- Әлеуметтік одақ — центристік, 2 депутат
Боливияда тағы 6 парламентте орын алмаған заңды партия бар.
Саяси жағдай
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Эво Моралес (лақап аты Эль Эво) — Боливия тарихындағы бірінші үндіс президент.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әкімшілік-территориялық жағынан Боливия 9 департаментке бөлінеді. Ал департаменттер провинцияларға бөлінеді.
Географиялық мағлұмат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Боливияның жер ауданы 1 098 580 км². Ол әлем бойынша жер ауданы жағынан 27 орында.
Боливия 1879 жылдан бері теңізбен шектеспейді — сол жылы ол өзінің жағалаулық Антофагаста аймағын Екінші тынық мұхиттық соғысы нәтижесінде Чилиге беріп қойған. Дегенмен Атлант мұхитына Боливия шыға алады — Парагвай өзені бойынша.
Боливия территориясында алуан түрлі эко-аймақ бар. Елдің батысында Анд таулы аймағы, Альтиплано үстіртімен бірге. Шығысында төменгі жазықтары амазондық кең Тропикалық ормандер мен Чако аймақтатын қамтиды. Елдегі ең биік нүкте — Орурода орналасқан Сахама (6542 м) өшкен жанартауы. Титикака көлі Боливия мен Перу шекарасында орналасқан. Әлемдегі ең үлкен Уюни сортаңы елдің оңтүстік-батысында, Потосида орналасқан.
Боливияның ірі қалалары: Ла-Пас, Эль-Альто, Санта-Крус-де-ла-Сьерра және Кочабамба.
Боливия бес елмен құрлықтық шекарасы бар: Аргентинамен — 832 километр, Бразилиямен — 3423 километр, Чили — 860 километр, Парагваймен — 750 километр, және Перумен — 1075 километр.
Сыртқы сауда
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Экспорт — 6,4 млрд долл. (2008) — газ, соя, шикі мұнай, мырыш рудасы, қалайы.
Негізгі сатып алушылар — Бразилия 60,1%, АҚШ 8,3%, Жапония 4,1%.
Импорт — 4,6 млрд долл. (2008) — мұнай өнімдері, продовольствие, автомобилдер.
Негізгі сатушылар — Бразилия 26,7%, Аргентина 16,3%, АҚШ 10,5%, Чили 9,5%, Перу 7,1%, Қытай 4,8%.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халық саны — 11,8 млн (2021 жылғы бағалау).
Жылдық өсім — 1,7% (фертильность — 3,1 туу бір әйелге).
Орташа өмір сүру жасы — 64 жыл еркектре, 7жыл әйелдер.
Ұлттық-нәсілдік құрамы — үндістер 55% (негізі кечуа және аймара), метистер 30%, ақтар 15%.
Тілдер — 3 ресми тіл: испан 60,7%, кечуа 21,2%, аймара 14,6%; басқа тілдер 3,6% (2001 жылғы санақ бойынша).
Дін — католики 95%, протестант (інжілдік методисттер) 5%.
Сауатттылық — 93% еркек, 80% әйел (по переписи 2001 ж.).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Report for Selected Countries and Subjects. International Monetary Fund.
- ↑ 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
- ↑ City of Potosí — UNESCO World Heritage Centre
- ↑ El mundo desde Potosí : vida y reflexiones de Bartolomé Arzans de Orsúa y Vela
- ↑ Боливия из Республики превратилась в «Многонациональное государство»., «mail.ru», 10.06.2009
- ↑ Эво Моралес одержал победу на выборах в Боливии//vesti.ru, 07.12.09г.
|