Балық қанаты
Көрініс
Балық қанаты - балықтың суда тіршілік етуге бейімділігін арттыратын жүзу органы. Балықтың арқы, құйрық және құйрықастындағы қанаттары дара, ал көкіректік және құрсақ қанаттары жұп болады. Жұп қанаттар суда жоғары көріліп төмен түсу, дара қанаттардан - құйрық қанаты жүзу, басқалары денені бір қалыпта ұстау қызметін атқарады. Жүзу қанаты омыртқасыз жануарлардар бауыраяқтылар және бас аяқты моллюскілерде, қыл иекті құрттарда, ал омыртқалылардан дөңгелекауыздыларда, кейбір қосмекенділерде (құйрықты қос мекенділердің ересектерінде және суда тіршілік ететін личинкаларының көбінде, сондай-ақ, құйрықсыз қос мекенділердің личинкаларында) және сүткөректілерде (киттәрізділер мен сиреньдерде) болады[1].
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том