Бадам (өсімдік)
Бадам | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||
Prunus dulcis (Mill.) D.A.Webb (1967) |
Бадам (лат. Prunus dulcis, бұрын — Prunus amygdalus немесе Amygdalus communis) - раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс (бадам жаңғағы) ағашы не әсемдік үшін өсірілетін бұта.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауа райы бір қалыпты жылы болатын және субтропиктік аймақта, Орта Азия мен Монголияда, Қытайдың орталық таулы аудандарында бадамның 40-қа жуық жабайы түрі өседі. КСРО-да мұның 16 түрі бар, оның екеуі жеміс үшін өсіріледі.
Биологиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бадам - жылу мен жарық сүйгіш әсемдік, қуаңшылық пен аязға да төземдінің өзі қыста 26-27°С суыққа тәзеді, ал шырын жүрген кезде гүл жаратын бүрі 19°С суықта тіршілігің тоқтатады. Сондай-ақ гүл жаруы аяқталар кездегі 2°С, ал жеміс салар кездегі 1°С суықтық бадамның одан әрі өсуіне зор зиян тигізеді. Далалық Бадам ерте гүлдейтін бұта,әсемдік үшін өсіріледі. Қарапайым бадамның биіктігі 6-10 м,жемісі тәтті не қышқылтым, дәнінде 72 % майы бар. Дәні тағам өнеркәсібінде, майы дәрі дайындау үшін пайдаланылады. Бадамды тұқымынан өсіруге не вегетативтік жолмен көбейтуге болады. Оны бақта қатар аралығын 6Х9, ңайтқыш шашылып, топырағы өнделеді, өсімдік зиянкестері мен кеселіне қарсы шаралар жүргізіледі. Бадамның көп тараған сорттары: Десертный, Ялтинский, Никитинский-62, Лангедок (Оңт. Франциядан әкелінді), Дрейк, Нонпарель (Калифорниядан әкелінді), Никитский урожайный, Чуянгинский - 51, Р.Консайский-565[1].
Синонимдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өндіруі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлемде өндіру көлемі жылдар бойынша
(мың тонна) | |
---|---|
1965 | 615 |
1970 | 687 |
1975 | 762 |
1980 | 926 |
1985 | 1152 |
1990 | 1321 |
1995 | 1019 |
2000 | 1468 |
2005 | 1839 |
2006 | 1999 |
2007 | 2215 |
2008 | 2435 |
2009 | 2362 |
2010 | 2539 |
2011 | 2005 |
15 ең ірі бадам өндіретін ел және өндіру көлемі
(мың тонна) | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Ел | 1985 | 1995 | 2005 | 2009 | 2010 | 2011 |
АҚШ | 352 | 276 | 703 | 1162 | 1414 | 731 |
Испания | 287 | 159 | 218 | 282 | 221 | 212 |
Иран | 59 | 79 | 109 | 128 | 158 | 168 |
Италия | 105 | 90 | 118 | 114 | 108 | 105 |
Марокко | 30 | 45 | 70 | 104 | 102 | 131 |
Сирия | 34 | 34 | 229 | 97 | 73 | 130 |
Тунис | 51 | 35 | 43 | 60 | 52 | 61 |
Түркия | 38 | 37 | 45 | 55 | 55 | 70 |
Алжир | 10 | 20 | 45 | 47 | 39 | 50 |
Грекия | 57 | 57 | 48 | 44 | 33 | 30 |
Ауғанстан | 9 | 9 | 15 | 43 | 56 | 61 |
Қытай | 13 | 19 | 25 | 35 | 38 | 42 |
Ливан | 7 | 28 | 28 | 30 | 28 | 36 |
Пәкістан | 28 | 49 | 23 | 26 | 22 | 21 |
Ливан | 15 | 27 | 25 | 25 | 30 | 38 |
Жалпы түрі | Жапырақтары мен жемісі | Гүлдері | Дәндері |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том
- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Бадам (өсімдік)