Бавар Кеңес Республикасы
Бавар Кеңестік Республикасы – Ұлы Қазан социалистік революциясының ықпалымен Германияда қанат жайған революция өрлеу жағдайында 1919 жыл 13 сәуірде Баварияда құрылған советтік республика. Сол жылға 1 Мамырға дейін өмір сүрді. 1918 жылғы Қараша революциясынан кейін өкімет басына келген, революциялық қозғалыстың етек алуынан қорыққан «тәуелсіз социал демократтар» бұқараны алдау мақсатымен «Совет үкіметін» құрғысы келді. Коммунистер мен әшкереледі. Э. Толлер бастаған «тәуелсіздер» 1919 жылғы 7 сәуірде Баварияны Совет республикасы деп жариялады; бірақ ол нағыз Совет Республикасы емес еді. 13 сәуірде Мюнхенде өкімет коммунистердің қолына көшті, республиканың жоғарғы өкімет орны – қимыл комитеті мен жоғарғы атқару мүшесі – Атқару советі құрылды. Бұлардың құрамына «Тәуелсіз социал демократтар» да кірді. Бавар совет республикасының үкіметі пролетариат диктатурасының программасын жүзеге асыра бастады. Бірақ коммунистер бірсыпыра қате жіберді: ең кедей және орта шаруалардың жағдайын жақсарту, жұмысшы табы мен шаруалардың одағын құру жөнінде жедел шара қолданбады, ішкі контрреволюцияға қарсы күресте батылдық көрсетпеді. «Тәуелсіз социал демократтар» ой-өсек таратып, бүлдіру саясатын қолданды. Коммунистер 27 сәуірде үкімет құрамынан шығуға мәжбүр болды. 1919 жылғы 1 Мамырда герман үкіметінің әскерлері Бавар совет республикасын талқандады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ленин В. И., Бавария Совет Республикасына құттықтау, Шығ., 29 – том.