iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: https://kk.wikipedia.org/wiki/А_(кирил)
А (кирил) — Уикипедия Мазмұнға өту

А (кирил)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін А деген бетті қараңыз.
  Қазақ кирил әліпбиі  
-{Аа}- -{Әә}- -{Бб}- -{Вв}- -{Гг}- -{Ғғ}- -{Дд}-
-{Ее}- -{Ёё}- -{Жж}- -{Зз}- -{Ии}- -{Йй}- -{Кк}-
-{Ққ}- -{Лл}- -{Мм}- -{Нн}- -{Ңң}- -{Оо}- -{Өө}-
-{Пп}- -{Рр}- -{Сс}- -{Тт}- -{Уу}- -{Ұұ}- -{Үү}-
-{Фф}- -{Хх}- -{Һһ}- -{Цц}- -{Чч}- -{Шш}- -{Щщ}-
-{Ъъ}- -{Ыы}- -{Іі}- -{Ьь}- -{Ээ}- -{Юю}- -{Яя}-

А, а — кириллицаға негізделген әліпбидің бірінші әрпі.

Иектің төмен түсіп, тілдің кейін жылжуы кезінде ауыз қуысының кең ашылуынан пайда болатын жуан дауысты дыбыс А әріпімен белгіленеді. Түркі тілдерінде А дыбысының екі түрі бар:

  • қалыпты дыбысталған А
  • созылыңқы дыбысталатын А.

Қазақ тілінде алғашқысы қалыптасқан. Созылыңқы дыбысталатын А-ның сөз мағынасын ажырататын (фонематикалық) мәні бар. 5-8 ғ-да түркі халықтары қолданған алфавитте (Орхон-Енисей жазуы) А төрт түлі таңбаланған. Бұлар көрші дауыссыздың ыңғайына қарай бірде А, бірде Е болып оқылған. Бір мәтін ішінде екі түрлі таңба жарыса қолданылмаған. 9-14 ғ-да қолданылған алфавитте ("Көне ұйғыр жазуы") А сөздің басында бір түрлі, ортасында екінші түрлі, соңында үшінші түрлі жазылған. Түркі халықтары пайдаланған араб жазуында А екі түрлі жазылады. Дүниеде белгілі көп алфавиттің арғы негізі болған ескі семит (финикия) жазуында бұл әріп "алеф" (дене) деп аталған. Өйткені ол өгіздің басын бейнелейтін иероглиф арқылы таңбаланған. Осыдан ескі грек алфавитіндегі α (альфа) және көптеген халықтар әліппесіндегі А қалыптасқан.

Мысыр иероглифы «бұқаның басы»
Мысыр иероглифы
«өгіздің басы»
Прото-семітська голова бика
Прото-семиттік иероглиф
«өгіздің басы»
Фінікійський «алеф»
Финикиялық «алеф»
Грецька «альфа»
Грекиялық «альфа»
Etruscan A
Этруссиялық «А»

А символ ретінде де қолданылады. Латын алфавитіндегі А тек дыбыс таңбасы ғана емес, "бірінші", "бастама" деген ұғымды да береді. Грек тілінен ауысқан кейбір сөздерде А болымсыздық мағынаны аңғартады (мысалы, "аморф" - формасыз, "авитаминоз" - витаминсіздік)[1][2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том
  2. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962