Африка даму банкі
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Африка даму банкі — Африка елдерінің экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларына кредит бөлумен айналысатын мемлекетаралық банк. 1963 жылы тамыз айында құрылғанымен, 1966 жылы Шілде айынан бастап қана жұмысқа кірісті. Акционерлік қоғам түрінде ұйымдастырылған. Банкке 70 ел (оның ішінде Африка мемлекеттерінен басқа АҚШ, Жапония, ГФР т.б. 20 ел) мүше (1996). Осы мүше елдердің ресурстарына сүйене отырып, Африка даму банкі даму жобаларын тікелей қаржыландырумен айналысады. Банктің құрамында жеңілдік шарттармен кредиттер беретін Африка даму қоры, Нигерия траст қоры, Африканың дамуын қаржыландыру жөніндегі халықаралық қор т.б. институтттар жұмыс істейді. Банк басқармасы Абиджанда (Кот-д’Ивуар) орналасқан.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |