Асшаян
Асшаян Қазбалық ауқымы: Lower Jurassic–present | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Superfamilies | ||||||||||||||
Асшаян (лат. Caridea) – он аяқты омыртқасыз шаян тәріздестер отряды. Ұзындығы 2—30 см-ге дейін. Теңіздерде және тұщы суларда өмір сүреді. Асшаян жеуге жарамды теңіз шаяны.[1]
Жеуге жарамды асшаяндар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көптеген шаянтәріздестер адамзат пайдасына асады, 2007 жылы олардың, шамамен 10 700 000 тоннасы өндірілген. Олардың басым бөлігі онаяқты шаянтәріздестер: шаяндар, омарлар және асшаяндар. Тұтыну үшін ұсталатын барлық шаянтәрізділердің 60%-ын асшаяндар құрайды, олардың 80%-ы Азияда өңделеді. Қытайдың өзінде-ақ дүниежүзі бойынша аса ірі мөлшерде шаянтәрізділерді экспорттайды, тағам өндірісіне пайдаланылады. Онаяқтыларға жатпайтын шаянтәрізділердің кәсіптік маңызы төмен. Мәселен, әлемдегі ең үлкен биомасса екендігіне қарапмастан, крильдің 118 000 тоннасы ғана ауланады екен. [2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.—Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
- ↑ Жануарлар туралы үлкен энциклопедия.-Алматы: "Аруна" баспасы. ISBN 978-9965-26-555-6
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |