Алма жемірі
Алма жемірі | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Cydia pomonella (Карл Линней, 1758) | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Алма жемірі (лат. Cydia pomonella) – жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жататын көбелек, әсіресе жеміс ағаштарын зақымдайтын, алма ағашының ең қауіпті зиянкесі.
Қазақстанда кең таралған. Түсі қара қоңыр немесе сұр, қанаттарының жайғандағы ұзындығы 20 мм. Жұлдызқұрттары ақшыл қызғылт түсті, басы қара болады. Олар алма ағаш діңінде, кеуектерінде бұтақ қабықтары және әр түрлі паналар астында қыстайды. Көктемде қуыршаққа айналады. Көбелектер алма ағашы гүлденуінің аяқталар кезінде ұшып шығып, аналығы жұмыртқаларын (180-ге жуық) бір-бірлеп жапырақтарға, жеміс түйіндеріне салады. Жұлдызқұрт жемістің ішіне еніп, тұқым дәнегін жеп, келесі жеміске ауысады. Зақымдалған алмалар пісуі жетілмей үзіліп түседі, сақтауға жарамайды. Залалсыздандыру шаралары: ағаш бұтағына тор іледі немесе жерге түскен жемісі жиналып алынады, ерте көктемде ағаштың діңі мен бұтақтары ескі қабықтарынан тазартылып, сызаттар мен жарықтар бітеліп, сыпырынды өртеледі. Сондай-ақ жылына бірнеше рет Алма жемірінің жұлдызқұрттары көбелекке айналмай тұрғанда инсектицидтер шашады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы