Алаң
Көрініс
Алаң — қоғамдық құрылыстардың орталығындағы, қала немесе кент көшелерінің құрамына кіретін біртұтас сәулеттік ашық жер. Көлемі мен пайдалану шарты бойынша, қаланың орт. алаңы, театр алаңы, стадион алаңы, құрылыс алаңы т.б. болып бөлінеді. Құрылыс алаңы деп құрылыс жүріп жатқан жерді айтады. Алаң көне шығыс елдерінде ертеден жобаланып салынған. Мысалы: Париждегі атақты Марс алаңы көне Гераттың атақты жабық базары орналасқан алаңына ұқсатылып жобаланған. Алматы қаласындағы Республика алаңы, Қарағанды қаласының Орталық алаңы т.б. бірегей сәулет ансамбльдер болып табылады.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |