Акрополь

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

[1]

Акрополь

Акрополь (грекше аkroctіchіc, akroc- биік, polіc- қала), ежелгі гректердің биік төбе басына салынатын бекінісі. Бекіністі қоршай қала үйлері орналасқан. Акрополь — өзге үйлерден шоқтығы биік, қабырғасы қалың, қала халқының жаулардан қорғаныс табатын бекінісі, қасиетті орны болған. Тұрғындар мұнда құдайға құлшылық еткен. Дүние жүзіне әйгілі Афина, Парфенон, Эрехтейон, Ники-Аперос сияқты қалалар мен ғибадатханалардың акропольінде сәулет өнерінің тамаша үлгілері сақталған.[2][3]

Акрополь (грек. akropolis — үстіңгі қала)— ежелгі грек қаласының биікте орналасқан бекіністі бөлігі, соғыс кезінде тұрғындарға баспана болған қамалы.[4]

Ежелгі грек қалаларының биік төбе басында қамал-қабырғамен қоршалған акропольдары болған. Солардың ішіндегі ең атақтысы- Афины қаласындағы Акрополь. Мұны гректер парсыларды жеңгеннен кейін, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырда салған Афины Акропольында кіре берісі салтанат қақпасы сияқты Пропилеи деп аталатын ерекше құрылыстан басталып, одан кескіндеме(көркем сурет) музейі - Пинакотека орналасқан. Акропольдың нақ ортасында дулыға киіп, қолына найза ұстағанданышпандық құдайы Афинаның алып қола мүсіні сұсты кейіппен төңіректі қалт жібермей бақылап тұрғандай әсер туғызған. Мүсін ескерткіштің артқы оң жағында Афинаның мәрмәр бағаналар тізбегімен көмкерілген әсем ғибадатханасы - Парфенон ірге көтерген. Оның шатыр маңдайшасы мүсіндермен безендіріліп, бір жақ бетіндегң мүсін-ескерткіштер Афина мен теңіз құдайы Посейдонның қала билігі үшін таласын бейнелеген. Ертедегі аңыз бойынша, қаһарланған Посейдон үш тіл сүмбісімен салып қалғанда жартастан бұлақ атқылап, ал Афинаның найзасы тиген жерден мәуелі зәйтүн ағашы пайда болыпты. Афинаның сыйы халыққа тиімдірек болып, қала билігі өзіне тиіпті делінеді. Парфенон қабырғасын белдеулей тартылған бедер суреттер Афина мейрамы күні Акропльға бет алған қала халқының шеруі бейнеленген. Әсіресе Афинаның парфенон ішіндегі мүсін ескерткішін гректер ерекше мақтан тұтқан. Ескерткіштің бет бейнесі мен қолы піл суйегінен қашалып, ал киімі мен шашы таза алтыннан құйылыпты. Акропольдағы үшінші ғимарат - Эрехтейонның ғибадатханасы. Ол Афина мен Посейдонның құрметіне салынған. Аңыз бойынша Эрехтойнның алдында расында да зәйтүн ағашы болыпты деседі. Ғибадатхананың ішінде терең сызат түскен жартас болса керек. абыздар мұны Посейдонның сүмбісінен қалған із деп жан сала дәлелдейді екен.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[5]

  1. Ол кім. Бұл не. 1-том
  2. Қазақ энциклопедиясы I том
  3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  4. Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3
  5. Ол кім Бұл не 1 том