iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: http://kk.wikipedia.org/wiki/Sud_Aviation_Caravelle
Sud Aviation Caravelle — Уикипедия Мазмұнға өту

Sud Aviation Caravelle

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Caravelle
Air Toulouse әуе компаниясының Caravelle ұшағы
Air Toulouse әуе компаниясының Caravelle ұшағы
Түрі

жолаушы ұшағы

Өндірушісі

Sud Aviation

Мемлекеті

Франция

Алғашқы ұшуы

1955 жылы 27 мамыр

Қолданысқа енгізілуі

1959 жыл 6 мамыр

Caravelle Ортаққорда


Каравелла (фр. Caravelle) — француздық орта қашықтықтық турбореактивті жолаушы ұшақтарының маркасы. Ұшақ 1955 жылдан 1970-жылдардың ортасына дейін Ұлттық авиа-ғарыш өндірістік қоғамымен (Societé Nationale Industrielle Aérospatiale) өндірілген.

Ұшақтың алғашқы ұшуы 1955 жылы 27 мамырда болды. Бұл әлемдегі алғашқы реактивті жолаушы ұшақтарының бірі және қозғалтқышы ұшақтың артқы бөлігінде оранласқан әлемдегі бірінші ұшақ. Ұшақ Франция президенттерінің қосалқы борты ретінде қолданылған (шетелдік іс-сапарларға қолданылған).

Ұшақты тексеру жұмыстары кезіндегі аға ұшқыш-сынаушы Андрэ Моине болды[1].

Аэродинамикалық сызбасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • қозғалтқышы құйрық бөлікте орналасқан екі моторлы турбореактивті төмен планерлі, оқ тәрізді қанаты мен бір кильді вертикальді жазықтығы бар ұшақ.

Ұшақтың келесі модельдері жасалынған:

  • Каравелла I — 19 дана
  • Каравелла IA — 13 дана
  • Каравелла III — 78 дана
  • Каравелла VI — N және R модификацияларынан 109 дана
  • Каравелла 10B (Суперкаравелла) — 22 дана
  • Каравелла 11К — 6 дана
  • Каравелла 12 — 12 дана

Барлығы әр тұрлі нұсқалардағы 280 ұшақ өндірілді.

1996 жылы шамамен 20 ұшақ қолданыста болды.

Ұшақтың үшбұрышты терезелері бүкіл өндіріс барысында өзгеріске ұшырамады
Lopez деректері [2]
Нұсқа Ұзындығы Қозғалтқыш Жолаушылар
Каравелла I 32.01 м RA-29 Mk.522 80
Каравелла IA 32.01 м RA-29 Mk.522A 80
Каравелла III 32.01 м RA-29 Mk.527 және 527B 80
Каравелла VI-N 32.01 м RA-29 Mk.531 және 531B 80
Каравелла VI-R 32.01 м RA-29 Mk.533R 80
Каравелла 10R 32.01 м P&W JT8D-7 80
Каравелла 11R 32.71 м P&W JT8D-7 89-99
Каравелла 10B 33.01 м P&W JT8D-7 105
Каравелла 12 36.24 м P&W JT8D-9 140

Каравелла I

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Прототиптерге ұқсас келді. Алғашқы ұшуы 1958 жылы 14 мамырда болып өтті. Бұл нұсқа тарту күші 4763 кГ болатын екі Rolls-Royce RA-29 Avon Mk.522 қозғалтқыштарымен жабдықталды және 80 жолаушы тасымалдауға арналды. Француздық ұшу сертификаты 1959 жылы 2 сәуірде берілді, ал ФАӘ (FAA) сертификаты 6 күннен кейін берілді. Эйр Франс әуе компаниясының ұшағының ең алғаш рейсі осы жылы Париж-Рим-Афины-Ыстамбұл бағытында жасалды. 1959 жылы 27 шілдеде Эйр Франстың Каравелла F-BHRB "Лотарингия" ұшағы Париж-Лондон бағытына енгізілді.

Барлығы 20 ұшақ сатылды: Эйр Франс (10), SAS (6), Эйр Алжир (2) және VARIG (2). VARIG компаниясының бір ұшағы Air Vietnam және Middle East Airlines компанияларына жалға берілген, кейінрек бұл ұшақ Royal Air Maroc компаниясына берілді.

Каравелла IA

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы келбеті I нұсқасына ұқсас болғанымен, ұшақ жақсартылған Rolls-Royce Avon RA-29/1 Mk.526 қозғалтықышымен жабдықталды. Алғашқы ұшуы 1960 жылы 11 ақпанда болды. Барлығы 12 дана өндірілді. Олар Air France, SAS, Air Algérie, Finnair, және Royal Air Maroc әуе компанияларына тапсырылды. I және IA нұсқаларының ұшақтары кейінрек III нұсқасына дейін жақсартылды.

Каравелла III

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Каравелла VI-R

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Каравелла VII

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Каравелла 10A

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Каравелла 10B (Супер Каравелла)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Каравелла 10R

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Каравелла 11R

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Соңғы Каравеллалардың бірі. Ұшақ Air Inter әуе компаниясында қолданыста болды

Каравелла 12 (Супер Каравелла)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Техникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Моине Андрэ (Moynet Andre)
  2. Reactores comerciales: Dibujos del autor — Madrid: Agualarga, 1999. — ISBN 978-84-95088-87-1.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]