iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: http://kk.wikipedia.org/wiki/Airbus_Beluga
Airbus Beluga — Уикипедия Мазмұнға өту

Airbus Beluga

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Airbus A300-600 ST Beluga
Airbus Beluga ұшағы
Airbus Beluga ұшағы
Түрі

жүк тасымалдаушы ұшақ

Жобалаушысы

Airbus

Өндірушісі

Airbus

Алғашқы ұшуы

1994 жылы 13 қыркүйек

Қолданысқа енгізілуі

1995 жылы қыркүйек

Статусы

қолданыста

Негізгі эксплуатанттары

Airbus Transport International

Өндірілген бірліктері

5

Базалық моделі

Airbus A300-600

Airbus A300-600 ST Beluga Ортаққорда


Airbus A300-600ST (Super Transporter) немесе BelugaAirbus консорциумы жасап шығарған кеңфюзеляжды турбореактивті ірі жүктерді тасымалдаушы ұшағы. Ұшақ Airbus ұшақтарының фюзеляж бөлімдерін тасымалдауға арнайы жасалған. Ұшаққа негіз етіп A300-600 ұшағы алынды.

Кейбір ірі авиақұрылыс компаниялары халықаралық болып келеді, сондатан оларды зауыттарының әр түрлі жерлерде орналасуы қалыпты жағдай болып табылады. Осы жағынан Airbus консорциумы ерекше болып келеді, себебі оның құрамына Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және Испанияның ірі аэроғарыш компаниялары кіреді. Эйрбас ұшақтарының бағасы мен сапасына тек зауыттардың географиялық орналасауы ғана емес, консорциум мүшелерінің авиациясыынң тарихы мен ұлттық мүдделері де әсер етеді. Консорциумның әр мүшесі өзіне тиесілі ұшақ бөлігін жасайды, сосын олар соңғы жинақтау орнына тасымалданады. Әр ұшақ моделінің бөліктері әртұрлі болғанымен, басты бөлшектерді жасау келесідей түрде жүргізіледі: ұшақ қанаты мен шассиін Ұлыбританияда, құйрық бөлігі мен есіктерді Испанияда, фюзеляж Германияда және ұшақтың алдыңғы бөлігі мен орталық секциясы Францияда. Ұшақ бөліктерінің соңғы жинақталуы моделіне байланысты Тулуза (Франция), Гамбург (Германия) және Севилья (Испания) қаларының бірінде жүргізіледі. Сол себепті өндірістегдегі осындай жүйе ұшақ бөліктерін тасымалдау үшін жүк көтеруі жоғары ұшақтарды қажет етеді.

Жасалу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғышарттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Super Guppy F-BPPA

1970 жылы Эйрбас өз ұшақтарының өндірісін бастаған кезде ұшақтардың алғашқы бөліктері соңғы жинақтау орнына автокөлікпен тасымалданған болатын. Бірақ өндірістің өсуіне байланысты ұшақ бөліктерін әуе көлігімен тасымалдау қажеттілігі туындады. Сол себепті осы мақсатта 1972 жылдан бастап төрт модификацияланған "Super Guppy" ұшақтары қолданыла бастады. Олар осыған дейін 1960 жылдардағы НАСА-ның ғарыштық бағдарламасында қолданылған болатын. Осы бағдарламада қолданыу үшін 1940 жылдары өндірілген Boeing Stratocruisers ұшақтарына жаңа фюзеляж бен турбиналы қозғалтқыштар орнатылды. Осыған байланысты "әрбір Эйрбас ұшақтары Боинг қанаттарымен тасымалданды" деген қалжың пайда болды. Уақыт өтісімен "Super Guppy" ұшақтары Эйрбастың қажеттіліктерін қанағаттандармады: ұшақтардың жасының өсуі олардың қызмет көрсету бағасын өсірді және Эйрбастың өндірістік қуатының артуы жаңа қуатты тасымалдаушы ұшақтарды қажет етті.

Жасалу кезеңі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Airbus Beluga әуеде

1991 жылы Aérospatiale және DASA, Эйрбастың екі маңызды серіктестері, жаңа тасымалдаушы ұшақиың өндірісімен айналысатын компанияны құрды. Жаңа ұшаққа негіз етіп екі қозғалтқышты кең фюзеляжды Airbus A300 ұшағы алынды: ұшақ қанаттары, қозғалтқыштары, шассиі және фюзеляждың астыңғы бөлігі A300-дікіне ұқсас келді, ал фюзеляждың үстіңгі бөлігі диаметрі 7,7 метр болатын ұлкен таға тәрізді етіп жасалды. Жүк салынатын аумаққа кіру кезінде электрлік, гидравликалық және ұшуды басқару құрылғыларын ажыратпас үшін ұшқыштар кабинасы жүк аумағының еденінен төмен деңгейге жылжытылды, ал ұшу кезіндегі бағыттық тұрақтылықты сақтап тұру үшін ұшақтың құйрық бөлігінің көлемі үлкейтілді және күшейтілді.

Өндіріс барысы және қолданысқа енгізілуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұшақ құрылысы 1992 жылы қыркүйекте басталды, ал алғашқы ұшуы 1994 жылы қыркүйекте болды. 335 сағат тесттік ұшулардан кейін ұшаққа 1995 жылы қазанда сәйкес үшу сертификаты берілді[1] және A300-600ST "Beluga" қолданысқа енгізілді. Осыдан кейін жылына 1 ұшақ қарқынымен тағы 4 ұшақ өндірілді. Ұшақтар негізінен Эйрбас ұшақтарының бөліктерін Тулуза мен Гамбургтегі соңғы жинақтау орындарына тасымалдауда қолданылды, алайда кейбір жағдайда ұшақтар коммерциялық тасымалдау жұмыстарында қолданылды. Мысалы, ғарыш кемелерінің бөліктерін, үлкен өнер туындыларын (мүсіндерді), өндірістік машиналарды және тікұшақтарды тасымалдау (бір Белуга екі NHI NH90 және бір Eurocopter Tiger тікұшақтарын Еуропадан Аустралияға және кері бағытта тасымалдаған болатын). A300-600ST-ның жүк салғыш бөлігінің диаметрі 7,4 м, ұзындығы 37,7 м, максималды жүктемесі 47 тоннаны құрайды. Қалыпты A300-дің максималды жүктемесі 155 тоннны құрайды, бұл Белуганың ірі бірақ жеңіл жүктерді тасымалдауға арналғандығын көрсетеді.

Белуганың негізгі жүк салғыш бөлігі C-5 Galaxy немесе Антонов Ан-124 ұшақтарыныкінен үлкен, бірақ Ан-225 ұшағынан кішірек. Бірақ Белуганың жүктемесі азырақ болып келеді: Белугада 47 тонна, C-5 Galaxy-да 122,5 т, ал Ан-124-те 150 т.[2] Осыған қарамастан Белуга A380 ұшағының фюзеляж бөліктерін тасымалдай алмайды, оларды кемемен және автокөлікпен тасымалдайды. Белуга A380-нің кейбір бөліктерін тасымалдауда қолданылады.[3]

1999 жылы Белуга 1874 жылдан бері Париждегі Луврда тұрған суретші Эжен Делакруаның Liberty Leading the People атты картинасын тасымалдады.[4] Ол Парижадан Токиоға Бахрейн мен Калькутта арқылы 20 сағатта ұшып барды.[5] Үлкен картина (биіктігі 2,99 метр және ұзындығы 3,62 метр) Боинг 747 ұшағы үшін үлкен болды.[5] Картина тік жағдайда изотармиялық және антивибраицялық қорғанысы бар арнайы қондырғы ішіне орналыстырылып тасымалданды. Эйрбас A330 ұшағы негізінде Белуганы алмаыстыратын ұшақты негізінде жасамақ.[6]

Аэродинамикалық сызбасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үшкір қанатты және біркильді құйрықты екімоторлы төменплан

Техникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
A300-600ST[7]
Ұзындығы 56.15 м (184 ft. 3 in)
Ені 44.84 м (147 ft. 2 in)
Биіктігі 17.24 м (56 ft. 7 in)
Қанат ауданы 122.40 м² (1,317 ft²)
Фюзеляж диаметрі 3.95 m (13 ft)
7.1 м (23 ft 4 in) жүк бөлімі[8]
Массасы 86 т
Ең көп ұшу массасы 155 т
Ұзақтығы (жүк 40 т)   2,779 км (1500 нм)
Ұзақтығы (жүк 26 т)   4,632 км (2500 нм)
Қозғалтқыштар   General Electric CF6-80C2A8
Жүк массасы  47 т
Жүк бөлімінің көлемі   1,210 м³
Крейсерлік жылдамдығы 750 км/сағ
Ұшар алды жолы 1950 м
Жүрісі 1180 м
A300 галереясы
Airbus Beluga ұшу-қону алаңында Airbus Beluga (A300-600ST) әуеде Beluga Кеннеди ғарыш орталығында жүкті шығару кезінде Airbus Beluga Гамбург авиашоуында NH-90 тікұшақтарын Airbus Beluga ұшағына салынуда, Канберра әуежайы, 2003 жыл

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. EASA, Type-certificate data sheet, Airbus A300-600ST(қолжетпейтін сілтеме)
  2. Aircraft families/Beluga. Airbus.
  3. Airbus delivers first A380 fuselage section from Spain, Airbus (6 қараша 2003).
  4. Airbus Industrie carries Delacroix painting to Japan., Highbeam.com (18 ақпан 1999). Тексерілді 21 қазанның 2009.
  5. a b Airbus A300-600ST Super Transporter. AllAboutGuppys. Тексерілді, 21 қазан 2009.
  6. David Kaminski-Morrow Airbus wing station plan hints at A330 Beluga. flightglobal (4 Nov 2013).
  7. Airbus Aircraft Family: Beluga - Specifications. Басты дереккөзінен мұрағатталған 16 ақпан 2012.
  8. Airbus Aircraft Family: Beluga - Freight. Басты дереккөзінен мұрағатталған 16 ақпан 2012.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]