iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: http://kk.wikipedia.org/wiki/Airbus_A350_XWB
Airbus A350 XWB — Уикипедия Мазмұнға өту

Airbus A350 XWB

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A350 ұшағының алғаш әуеге самғауы
A350 ұшағының алғаш әуеге самғауы
Түрі

Кең фюзеляжды реактивті жолаушы ұшағы

Жобалаушысы

Airbus S.A.S

Өндірушісі

Airbus S.A.S

Мемлекеті

Халықаралық

Алғашқы ұшуы

2013 жыл 14 маусым [1]

Статусы

Жасалынуды, сынақтардан өтуде

Өндіріс жылдары

2013 жылдан бастап

Өндірілген бірліктері

1

Бірлігінің құны

A350-800: $245,5 млн (2012),[2]
A350-900: $277,7 млн (2012),[2]
A350-1000: $320,6 млн (2012)[2]

[[:commons:Category:Airbus A350|]] Ортаққорда


Airbus A350 XWB — қазіргі таңда еуропалық Airbus концерні жаңадан жасап жатқан кең фюзеляжды екі қозғалтқышты реактивті жолаушы ұшағы. Ұшақ A330 және A340 ұшақтарын алмастыру үшін жасалуда.

A350 Boeing 777 және Boeing 787 ұшақтарымен бәсекеге түспек. Жаңа әуе лайнерінің алғашқы ұшуы 2013 жылдың 14 маусымында болды, ал оның коммерциялық қолданысы 2014 жылдың екінші жартысында басталады деп жоспарлануда.

Boeing 787 Dreamliner жобасын ұсынған Boeing корпорациясы бұл ұшақтың төмен қолданыс бағасы Airbus A330 ұшағының деңгейіне соққы болмақ деп хабарлады. Көпшілік алдында Airbus бұл хабарды жоққа шығарды: олар 787-ні A330-ға реакция ғана деп бағалады және өз тарапынан ештеңе қабылдамауды жөн санады.

Әуе компаниялары Airbus-пен жаңа бәсекелесті жасауға келісті, себебі, Boeing хабарлауынша, 787 сол кезде бар аналогтарына қарағанда 20 %-ға кем жанармай шығындайтын. Алғашында Airbus жаңа ұшақты A330 негізінде жасамақ болған. Бейресми түрде «A330-200Lite» аталған бұл ұшақ жақсартылған аэродинамика мен қозғалтқышқа ие болмақ болған. Бірақ әуе компанияларына бұл нұсқа ұнамады және Airbus A350 аталған жаңа ұшақты жасауға 4 млрд еуро қаржы бөлді.

Бастапқы нұсқаның сырт көрінісі A330-ды еске түсірді, себебі фюзеляждың көлденең қимасы мен құрылысы екеуінде ұқсас болды. Бірақ жаңа қанаттар, қозғалтқыштар мен құйрық сиабилизаторы және композитті материалдардың көптеп қолданылуы мен фюзеляжды жасаудың жаңа амалдары A350-ді толықтай дерлік жаңа ұшақ етті.

2012 жылы 4 желтоқсанда "MSN1" бірінші нұсқасын жинау цехының ангарынан шығарды.

2013 жылы 14 маусымда ұшақтың алғашқы ұшуы болып, ұшақты байқау бағдарламасы басталды. F-WXWB тіркеу нөмірлі A350-900 нұсқасы әуеге алғаш көтерлген ұшақ болды. Ұшақтың ұшу салмағы 221 тоннаны құрады.[3]

XWB аббревиатурасы Extra Wide Body (қосымша кеңейтілген фюзеляж) дегеннен шыққан. Әуе компанияларының қалауымен 2006 жылдың ортасында Airbus A350 концепциясын қайта қарастырды. Жаңа нұсқа сыйымдылығы көбірек Boeing 777 және фюзеляжы кеңейтілген (эконом класста бір қатарға 9 жолаушы отыратын) Boeing 787-нің кейбір нұсқаларына бәсеке құруы керек болды. A330 және A350-дің бұрынға концепцияларында бір қатарға тек 8 жолушы ооны болған. 787-де қатарға 8 немес 9 жолаушы орнын сыйдырса, 777-ге 9 (сирек 10) орын қойылатын. Жолаушының көз деңгейінде A350-дің салоны 787-ге қарағанда 13 см, ал 777-ге қарағанда 27 см-ге кең. A350 XWB ұшағңының барлық жолаушы тасымалдаушы нұсқаларының ұшу қашықтығы 15 000 км-ден көп болмақ.

A350 ұшағының нұсқалар

A350 үш нұсқасы 2006 жылы ұсынылды.[4][5] 2012 жылы шілдеде нұсқалардың өндірісінің басталу мерзімі хабарланды: A350-900 қолданысқа 2014 жылдың екінші жартысында,[6] A350-800 2016 жылдың ортасында, A350-1000 2017 жылы.[7]

A350-800 үш жайлылық классымен 270 жолаушыны 15 700 км қашықтыққа дейін тасымалдай алады. Бұл нұсқа Boeing 787-9 ұшағымен бәсекелесу және Airbus A330-200 ұшағын алмастыру үшін жасалынды. 2010 жылы қаңтардыаAirbus -800 -900 нұсқасының қысқарту және қондырғыларға аздаған өзгерістер енгізу арқылы жасалатынын хабарлады.

A350-900 ең алғашқы болып 2014 жылы қолданысқа енгізіледі. Бұл нұсқа үш жайлылық классында 314 жолаушыны 15 000 км қашықтыққа дейін тасымалдай алады. Airbus мамандарының хабарлауынша бұл нұсқаның Boeing 777-200ER салыстырғанда бір орынаға шаққандағы шығыны 30%-ға, ал қолданыс шығыны 25%-ға аз. [8]. В дальнейшем планируется создание грузовой модификации A350-900F (Freighter), а также дальнемагистральной версии A350-900R.

A350-1000 қолданысқа 2017 жылы енгізілмек. Бұл нұсқа A350 ұшақтар жанұясының ең үлкені. Ол үш жайлылық классында 350 жолаушыны 14 800 км қашықтыққа тасымалдай алады.

A350-1000 -800/900 нұсқаларымен салытырғанда 4%-ға үлкен қанатпен жабдықталмақ.

Тапсырыстар мен тапсырулар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2013 жылдың маусымына қарай Airbus A350 XWB ұшағына 33 компаниядан 678 ұшаққа тапсырыс алды.[9]

Таспсырыстар нұсқалар бойынша

A350-800 A350-900 A350-1000 Барлығы
89 444 145 573

Таспсырыстар мен тапсырулар жылдар бойынша

2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 Барлығы
Тапсырыстар 20 330 133 22 78 -28 27 96 573
Тапсырулар

Дереккөз: Airbus тапсырыстары (2013 жылдың маусымы) [9]

Техникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сипаттамалар A350-800 A350-900 A350-1000
Экипаж 2 ұшқыш
Сыйымдылығы 270 (3 класс)
312 (2 класс)
314 (3 класс)
366 (2 класс)
350 (3 класс)
412 (2 класс)
Ұзындығы 60,54 м 66,89 м 73,88 м
Қанат жаймасы 64,75 м
Қанат ауданы 440 м²
Қанат үшкірлігі 35°
Биіктігі 17,1 м
Фюзеляж ені 5,96 м[10]
Салон ені 5,61 м[10]
Максималді ұшу салмағы 248 000 кг 268 000 кг 298 000 кг
Крейсерлік жылдамдығы 0,85 Мах (903 км/сағ, 12 190 м биіктікте)
Максималді жылдамдық 0,89 Мах (945 км/сағ, 12 190 м биіктікте)
Ұшу қашықтығы 15 700 км 15 000 км 14 800 км
Максималді жанармай көлемі 138 000 л 138 000 л 156 000 л
Максимал көтерілу биіктігі 13 100 м
Қозғалтқыштар (2×) Rolls-Royce Trent XWB
Қозғалтқыштың тарту күші 337 кН 374 кН 414 кН

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Boeing 777
Boeing 787

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Airbus confirms timing for A350 XWB First Flight Мұрағатталған 6 ақпанның 2016 жылы.
  2. a b c New pricelist 2012. Airbus.com (19 қаңтар 2012). Басты дереккөзінен мұрағатталған 16 маусым 2013. Тексерілді, 19 Januari 2012.
  3. Новости Aviation EXplorer: Самолет Airbus A350 успешно совершил свой первый полет
  4. Airbus opts for larger wing on A350-1000 through trailing edge extension FlightGlobal.com. Retrieved 6 мамыр 2010
  5. Aircraft Profile: Airbus A350. FlightGlobal.com. Retrieved 25 желтоқсан 2008.
  6. "Airbus delays A350 XWB entry as EADS profits triple". BBC
  7. "PARIS: A350-1000 delayed to 2017 as Rolls raises XWB thrust" Мұрағатталған 4 қыркүйектің 2011 жылы.
  8. John Leahy presentation at Paris Le Bourget 2007 Air Show Мұрағатталған 28 мамырдың 2008 жылы. Airbus
  9. a b Summary Мұрағатталған 21 қарашаның 2014 жылы., [www.airbus.com/fileadmin/backstage/orders_deliveries_table/Airbus_Feb_2013_Orders_Deliveries.xls spreadsheet]. Airbus, мамыр, 2013. Retrieved 15 маусым 2013.
  10. a b A350 Specifications Мұрағатталған 15 қыркүйектің 2008 жылы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]