iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: http://kk.wikipedia.org/wiki/Airbus_A320
Airbus A320 — Уикипедия Мазмұнға өту

Airbus A320

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Airbus A320 Family
Германиялық Lufthansa әуе тасымалдаушысының A319, A320, A321 ұшақтары
Германиялық Lufthansa әуе тасымалдаушысының A319, A320, A321 ұшақтары
Түрі

Ортамагистральды тасымалдаушы ұшақ

Жобалаушысы

Airbus Idustrie

Өндірушісі

Airbus Idustrie

Мемлекеті

Халықаралық

Алғашқы ұшуы

1987 жылы 22 ақпан

Қолданысқа енгізілуі

1988 жыл 28 наурыз

Статусы

Қолданылуда

Негізгі эксплуатанттары

jetBlue
United Airlines
US Airways

Басқа эксплуатанттары

Air France
Air Astana
Air Canada
Аэрофлот

Өндіріс жылдары

1988 жылдан бастап

Өндірілген бірліктері

5516 (2013 жыл 4 сәуір)[1]

Базалық моделі

Airbus A320

Airbus A320 Family Ортаққорда

Airbus A320 — қысқа және орта қашықтықтарға арналған коммерциялық жолаушы тасымалдайтын ұшақтар жанұясы. Airbus A320 жанұясы A318, A319, A320, және A321 ұшақтарынан құрылған. Ең алғаш 1988 жылы шығарылған. A320 ұшағыда ең алғаш рет Thomson-CSF/SFENA ұшудың сандық электро-дистанциялық басқару жүйесін (fly-by-wire flight control) қолданған. Бұл жүйе ұшақты штурвал көмегімен емес, кабинаның шет жағында орналасқан джойстик арқылы басқаруына мүмкіндік берді. Барлығы 5.500 ұшақ құрылған A320 жанұясы әлемдегі Boeing 737 кейін екінші ең көп сатылған ұшақ болып табылады.

Air Bishkek әуе компаниясының A320 ұшағы
Air Astana-ның екінші A320-200 ұшағы
Испандық Iberia әуе тасымалдаушысы A320-ның ұшып шығу сәті

1970-жылдары мұнай бағасының өсуінен және A300-дың алғашқы жетістігінен кейін, Airbus сол кездегі ең әйгілі ұшақтар: Boeing 727, Boeing 737, DC-9-дің орнын баса алатын жаңа моделдің жобалануын қолға алды. Алайда Эйрбас осындай ұшақ түрлерінің алуан түрлілігімен кездесті. Dassault фирмасы Mercure ұшағын жасап шығарды (алайда көп қаражат жұмсалған жоба 10 ұшақ жасалғаннан соң жабылды), BAC фирмасы One Eleven 700 немесе 800 ұшағын жасауды ұсынса, Hawker Siddeley германдық Dornier және VFW-Fokker фирмаларымен бірігіп QTOL (тыныш қонып-ұшатын ұшақ) жобасын бастауды ұсынды. 1979 жылы British Aerospace Airbus Industries-пен бірігіп, компания жай ғана Airbus атала бастады және JET ұшақтар жанұясы Airbus SA-1 (130 орын) және SA-2 (180 орын) деп атала бастады. Airbus компаниясының Hamilton Standart және Pratt&Whitney фирмаларымен бірлесіп өткізген зерттеулер нәтижесінде 1980 жылы ұшаққа турбожелдеткішті қозғалтқыштарды орнату дұрыс деп шешілді. Осының нәтижесінде 1981 жылы ақпанда A320 ұшағы таныстырылды. 4 ай өткеннен соң ұшақ париждік авиасалонда көрсетіліп, оған жақсы сын берілді. Жаңа ұшақ көлемімен өзгермесе де, үнемділігі мен ұлғайған сыйымдылықпен белгіленеді. A320-ның сандық технологиясы ұшақты аналогтық Boeing 727-дан екі қадам, ал Boeing 737-300/-400/-500 серияларынан бір қадам алға қойды. A320 бүкіл әлем бойынша Boeing 727 мен Boeing 737-нің бертінгі серияларын айырбастауға көзделген. 1970 жылдардағы мұнай бағасының күрт өсуінен кейін, Airbus жанармай шығынын барынша азайту керек еді. Сол үшін Airbus алдыңғы қатарлы технологияларды қолданды. Соның ішінде fly-by-wire басқару жүйесі, композитті материалдар, centre-of-gravity жанармай жүйесі және екі адамдық жүргізуші кабинасы ендірілді. Осыған байланысты A320-ның жанармай шығыны Boeing 727-мен салыстырғанда 50%-ға азайды.

Толық мақаласы: Airbus A318

Airbus A318 — A320 ұшақтар жанұясының ең қысқа өкілі. Бұл нұсқа A319 ұшағын қысқарту арқылы жасалында. Алғашында A319M3 ретінде белгілі болған A318 ұшағының жобалау жұмыстары 1988 жылы басталды. Ұшақтың алғашқы ұшуы 2002 жылы болды.

A319 Эйрбас A320 ұшағының қысқарған нұсқасы. A320-200 ұшағымен бірдей жанармай шығындайтын, және азырақ жолаушыларды сыйғызады. Ұшу қашықтығы 6,900 км болатын ұшақ екі классты 124 жолаушыны сыйдырады. A319-тар A320 жанұясындағы ең әйгілілердің арасында. Эйр Астанада бір A319 бар.

A319CJ
Бұл A319-дың коорпоративтік нұсқасы. Онда қосымша жанармай бактары қойылғандықтан ұшу қашықтығы 12,000 км дейін жетеді. Ұшақты бактарды алу арқылы әрқашан стандартты A319-ға айналдыруға болады.

A320 жанұясының ең алғашқы өкілі. 10 жыл талқылаулардан кейін ұшақтың жобалануы 1981 жылы басталды. A320 екі нұсқада шығады A320-100 және A320-200. Олардың басты айырмашылығы ұшу қашықтығында болды (A320-200-де қосымша 8016 литрлік жанармай багы болды). Барлығы тек 21 A320-100 құрастырылған; олар тек Air Inter (кейін Air France сатып алған) және British Airways (British Airways British Caledonian Airways-ты сатып алғанға дейін соңғысы тапсырыс берген) әуекомпанияларына сатылған болатын. A320-200 ұлғайтылған жанармай сыйымдылығы мен ұзартылған ұшу қашықтығымен A320-100 ден бөлінеді; осыдан басқа ұсақ айырмашылықтары да бар. British Airways қолданған соңғы бес A320-100 ұшағы, 2007 жылдың соңында қолданудан шығарылды. JetBlue әлембегі ең үлкен A320 әуепаркіне ие.

CSA Czech Airlines A321.

A320-ның 6,94 м-ге ұзартылған нұсқасы. A321 бағдарламасы 1989 жылдың мамырында жарияланып, сол жылдың қарашасында басталды. V2530-A5 қозғалтқышымен жабдықталған бірінші ұшақ ең алғаш 1993 жылы 11 наурызда ұшты. Сол жылы желтоқсанда ұшақ Еуропалық ұшу жарамдылығы сертификатын алды. 1993 жылы мамырда CFM56-5B қозғалтқышы орнатылған екінші ұшақ бірінші рет ұшты, ал 1994 жылы ақпанда A321-дің бұл нұсқасы еуропалық сертификаттаудан өтті. A320-мен салыстырғанда A321-дің ұзындығының ұлғаюынан басқа да жаңалықтары бар. Нақтырақ: жүк тасымалдау қабілеті арттырылды, күшейтілген қозғалтқыш, жақсартылған жанармай жүйесі мен үлкенірек дөңгелектер осы ұшақты кішірек ұшақтардан бөліп тұрады.

Эйрбас бір лайнерді шығарып шығу үшін сегіз айды қажет етеді.[2] Airbus компаниясының басқа ұшақ модельдер сияқты A320 жанұясы ұшақтары да Еуропаның әр түрлі мемлекеттерінде жасалған негізгі бөліктердің Гамбург (A318 бен A319) пен Тулузадағы (A320 мен A321) зауыттарда толығымен жиналатын. Осының арқасында соңғы жинау барысында керек еңбектң 8%-ы ғана жұмсалатын.[3] Бөлшектердің басым бөлігі Эйрбастың A300-600ST 'Beluga' жүк тасушы ұшақтарымен тасымалданады. Эйрбас Қытайға сатқан A320-лар 2009-2012 жылдарының арасында Қытай Халық Республикасының Тианжин қаласында жиналатын болады.[4][5] Сонымен қатар компания қайта құру бағдарламасына сәйкес, Тулузадағы A320 жинақтау жұмысын Гамбургге көшіргісі келеді.[6] 2008 жылы Эйрбас жуықтап алғанда айына 32 бірлік ұшақ жасаған.

Техникалық сипаттамалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Моделі A318-100 A319-100 A320-100 / −200 A321-100 / −200
Ұзындығы, м 31,44 33,84 37,57 44,51
Қанат жаймасы, м 34,1
Фюзеляж диаметрі, м 3,95
Салон диаметрі, м 3,70
Биіктігі, м 12,51 11,76 11 11,76
Қанат ауданы, м² 122,6
Макс. ұшу салмағы, кг 68.000 75.000 77.000 93.500
Максималды ұшу салмағына сәйкес минималды ұшу сызығының ұзындығы, м 1.355 1.950 2.090 2.180
Крейсерлік жылдамдығы, км/сағ (М) 840 (0.78)
Жолаушы сыйымдылығы 107 — 132 116 — 156 140 — 180 170 — 220
Ұшу қашықтығы, км 5.950 6.850 6.150 5.950
Жанармай қоры, л 24.210 24.210 — 30.190 24.210 — 30.190 24.050 — 30.030
Жолаушылар есігі 4 4 4 4
Апатты шығу есіктері 2 2 4 4
Практикалық потолок: 12 000 м
Жанармай шығыны, л/сағ[7] 2.400 2.600 2.700 2.900
Қозғалтқыштар (2×): CFM International CFM56-5B
(2×105,9 кН)
немесе
Pratt & Whitney PW6000A]]
(2×96 кН)
CFM International CFM56-5B
(2×104,5 кН
немесе
International Aero Engines V2500-A5
(2×104,5 кН)
CFM International CFM56-5B
(2×118 кН)
немесе
International Aero Engines V2500-A5
(2×118 кН)
CFM International CFM56-5B
(2×142,3 кН)
немесе
International Aero Engines V2500-A5
(2×146,8 кН)
Бірінші ұшуы: 15 қаңтар 2002 жыл 25 тамыз 1995 жыл 22 ақпан 1987 жыл −100: наурыз 1993 жыл / −200: 1996 жыл

Қазақстанда қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстандық Air Astana әуе тасымалдаушысында 7 A320-232, 4 A321-231 және 1 A319-132 ұшағын пайдаланады.[8][9] [10]

Түсініктемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://www.airbus.com/aircraftfamilies/passengeraircraft/a320family/
  2. Economy catches up with Airbus, Wall Street Journal, Ақпанның 20, 2009, p.B3
  3. Hamburger Abendblatt: Airbus baut erstmals den A320 in Hamburg, 03-26-2008
  4. Airbus signs framework agreement with Chinese consortium on A320 Final Assembly Line in China, Airbus S.A.S. (26 қазан 2006).
  5. Construction started on Airbus A320 Family Final Assembly Line in China, Airbus S.A.S (15 мамыр 2007).
  6. Airbus to base A320 production in Hamburg, 350s and 380s in Toulouse - report, Forbes (15 қаңтар 2007).
  7. Helmut Kreuzer: Moderne Verkehrsflugzeuge und Business Jets, ISBN 3-9805934-0-1
  8. http://www.planespotters.net/Production_List/Airbus/A320/index.php Мұрағатталған 7 сәуірдің 2013 жылы.
  9. http://www.planespotters.net/Production_List/Airbus/A319/index.php Мұрағатталған 30 наурыздың 2013 жылы.
  10. http://www.planespotters.net/Production_List/Airbus/A321/index.php Мұрағатталған 7 сәуірдің 2013 жылы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Мировая Авиация журналы, №640 файл, 1-4, 7 парақтар, ISSN 2071-1131 (орысша)
  • Мировая Авиация журналы, №1007 файл, 36-37 парақтар, ISSN 2071-1131 (орысша)

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Airbus A320