iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: http://kk.wikipedia.org/wiki/Airbus_A310
Airbus A310 — Уикипедия Мазмұнға өту

Airbus A310

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Airbus A310
Ресейлік Аэрофлот тасымалдаушысының A310 ұшағы
Ресейлік Аэрофлот тасымалдаушысының A310 ұшағы
Түрі

кеңфюзеляжды реактивті жолаушы ұшағы

Жобалаушысы

Airbus Industrie

Өндірушісі

Airbus Industrie

Мемлекеті

Халықаралық

Алғашқы ұшуы

1982 жыл 3 сәуір

Қолданысқа енгізілуі

1983 жыл сәуір

Статусы

Қолданыста

Негізгі эксплуатанттары

FedEx (59) PIA (12), Air Transat (14)

Басқа эксплуатанттары

Аэрофлот, Turkish Airlines

Өндіріс жылдары

1982 - 1997

Өндірілген бірліктері

255 (2013 жыл наурыз) [1]

Базалық моделі

Airbus A300

Airbus A310 Ортаққорда

Airbus A310 — жақын- және ортамагистральды жолаушы ұшағы. Еуорпалық Airbus Industrie консорциумының Airbus A300 ұшағының қысқартылған нұсқасы.

Жасалу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Yemenia әуе компаниясының Airbus A310-300 ұшағы Франкфурт әуежайында, 2000 жыл.
TAROM әуе компаниясының Airbus A310-300 "Трансильвания" ұшағы Лондон Хитроу әуежайында
Mahan Air Airbus A310-300 Мехрабад Халықаралық әуежайына қону кезінде, 2011 жыл.
Czech Airlines A310-300 ұшағының жолаушылар кабинасының көрінісі
Interflug-тың Airbus A310-300 ұшағы, Шығыс Германияның ұлттық әуе тасымалдаушысы қолданған жалғыз батыстық ұшақ.
Неміс әуе күштерінің A310 MRTT ұшағы
Konrad Adenauerдеп аталған бұл A310-300 (тіркеуі №10+21) Германияның мемекеттік ұшағы ретінде қолданылған болатын. Суретте ұшақ Ыстамбұлдағы Ататүрк әуежайында қонуда, 2010 жы.[2]

A310-ның екі базалық нұсқасы бар: орта қашықтықты −200 және ұзақ қашықтықты −300. Ұшақтың алғашқы нұсқасы −200 болды, одан кейін өндіріле бастаған −300 кейінрек ұшақтың негізгі өнімдік нұсқасына айналды.

Алғашқы A310, Эйрбастың 162-ші өндірілген ұшағы, алғаш ұшуы 1982 жылы 3 сәуірде болды. Ұшақтың алғашқы өнімдері Pratt & Whitney JT9D-7R4D1 қозғалтқыштарымен жабыдықталды. −200 1983 жылы Swissair және Lufthansa әуе компанияарында қолданысқа енгізілді. −200 сериясының соңғы өнімдерінде −300 сериясының қанаттары орнатылды.

Ұшақтың конвертацияланатын нұсқасы, орындықтар алынып тасталып, ұшақтың жолаушылар кабинасын жүк кабинасына өзгертсе болатын.

Ұшақтың жүк тасымалдаушы нұсқасы. Ұшақтар жаңажан өндірілді немесе бұрынғы жолаушы ұшақтарын қайта жабдықтау арқылы жасалды. A310-200F 39 тонна жүкті 5950 км қашықтыққа тасымалдау алды.[3] A310-ның жүк тасымалдаушы ұшағының бірде-біреуі жаңадан өндірілмеді. Тек FedEx Express сияқты компаниялар бұрынғы жолаушы ұшақтарынан қайта жабдықталған ұшақтарды қолданды, олар негізінен −300 нұсқасының ұшақтары болды.

Ұшақтың алғаш ұшуы 1985 жылы 8 шілдеде болды. −300 өлшемдері бойынша –200 нұсқасымен шамалас келді, бірақ фюзеляж ортасы мен горизонтальді стабилизаторға орнатылған жанармай бактарының арқасында ұшақтың максималды ұшу салмағы мен ұшу қашықтығы көбейтілді. Қанаттардың ұштарына винглеттер орнату арқылы ұшақтың аэродинамикалық сипаттамалары жақсартылды, бұл қондырғылар –200 нұсқасының кейбір даналарына да орнатылды. Ұшақ 1986 жылы Swissair әуе компаниясында қолданысқа енгізілді. Ұшақта жанармай шығынын басқаратын компьютерлік жүйенің орнатылыу арқылы ұшақтың ұшу кедергісі мен жанармай үнемдеуі жақсартылды.

A310 MRT/MRTT
Толық мақаласы: Airbus A310 MRTT

A310 көптеген мемлекеттердің әскери-әуе күштері құрамында таза жүк тасымадаушы (A310-300 MRT)ретінде қолданылды, алайда кейбір ұшақтар EADS ұсынған MRTT ("Multi Role Tanker Transport") нұсқасындағы жанармай тасушы-құюшы танкер ретінде қолданылды. Бұл нұсқаға кемінде 6 ұшаққа тапсырыс түскен: Неміс Әуе күштеріне 4 ұшақ және Канада Әуе күштеріне 2 ұшақ. Ұшақтардың тапсырылуы 2004 жылы басталды. Үш ұшақты Дрездендегі (Германия) EADS EFW жасады; қалған үшеуін Гамбургтегі Lufthansa Technik компаниясы жасады. Чили Әуе күштері өздерінің 707–320 'Aguila' танкерлерін алмастыру үшін бұрын қолданыста болған екі A310 ұшағын сатып алды. Алғашқысы 2007 жылы қазанда берілді.

Қолданушылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әскери қолданушылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Канада Корольдік Әуе күштерінің CC-150 Polaris ұшағы Оттава әуежайын ұшып шығуда

The A310 has been used by the armed forces of the following countries:

 Бельгия
 Канада
 Мысыр
 Франция
 Германия
 Иордания
 Моңғолия
 Пәкістан
 Испания
 Тайланд

Тапсырыстар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өндіріс тоқталығанға дейін барлығы 255 A310-ге тапсырыс түсіп, олардың барлығы тапсырыс берушілерге тапсырылды.

Барлығы 1998 1997 1996 1995 1994 1993 1992 1991 1990 1989 1988 1987 1986 1985 1984 1983
Тапсырыстар 255 1 2 2 2 2 22 24 19 18 23 28 21 19 26 29 17

Деректер 1998 жылы желтоқсанның аяғына сәйкес.[4]

Техникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұшақ нұсқаларының техникалық сипаттамасы[5]:

Сипаттамалар A310-200 A310-200F A310-300 A310-300F
Экипаж 2 ұшқыш
Сыйымдылығы 218 жолаушы (3-класс)
240 жолаушы (2-класс)
280 жолаушы (1-класс)
33 тонна жүк 218 жолаушы (3-класс)
240 жолаушы (2-класс)
280 жолаушы (1-класс)
33 тонна жүк
Ұзындығы 46,66 м
Қанат жаймасы 43,9 м
Қанат ауданы 219 м²
Қанат үшкірлігі 28°
Биіктігі 15,8 м
Фюзеляж ені 5,64 м
Салон ені 5,28 м
Максималді ұшу салмағы 141,974 кг 164,000 кг
Бос ұшақ салмағы 80,142 кг 72,400 кг 83,100 кг 73,900 кг
Жанармай көлемі 55,200 л 75,470 л
Крейсерлік жылдамдығы 0.80 Мах (850 км/сағ)
Максималді жылдамдық 0.84 Мах (901 км/сағ)
Ұшу қашықтығы 6800 км
(Трансконтинеталды)
5500 км 9600 км
(Трансатланттық)
7330 км
Максимал көтерілу биіктігі 12,500 м
Қозғалтқыштар (2×) Pratt & Whitney JT9D-7R4
немесе
General Electric CF6-80C2A2
Pratt & Whitney PW4156A
немесе
General Electric CF6-80C2A8
Қозғалтқыштың тарту күші 220–237кН 250–260 кН

Ұшақ нұсқаларының атаулары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөз: Француз DGAC типтік сертификаттау дерекнамасы №145

Нұсқа Сертификат берілген күн Қозғалтқыштар
A310-203 11 наурыз 1983 General Electric CF6-80A3
A310-203C 27 қараша 1984 General Electric CF6-80A3
A310-204 23 сәуір 1986 General Electric CF6-80C2A2
A310-221 11 наурыз 1983 Pratt & Whitney JT9D-7R4D1
A310-222 22 қыркүйек 1983 Pratt & Whitney JT9D-7R4E1
A310-304 11 наурыз 1986 General Electric CF6-80C2A2
A310-308 5 маусым 1991 General Electric CF6-80C2A8 немесе CF6-80C2A2
A310-322 5 желтоқсан 1985 Pratt & Whitney JT9D-7R4E1
A310-324 27 мамыр 1987 Pratt & Whitney PW4152
A310-325 6 наурыз 1992 Pratt & Whitney PW4156A

2011 жылдың 1 маусымына 11 A310 ұшағы апатқа ұшыраған[6]

УақытыЂ Борт нөмірі Апат орны Құрбандар Қысқаша сипаттама
31.07.92 Тайланд HS-TID Непал Катманду маңында 113/113 Диспетчер мен экипаж арасындағы түсініспеушілдіктен ұшақ бағыттын адасты
23.03.94 РесейF-OGQS Ресей Междуреченск маңында 75/75 Ұшақ командирі штурвал алдына автопилотты абайсызда өшіріп қойған баласын отырғызды
31.03.95 РумынияYR-LCC Румыния Балотешти 60/60 Ұшақ командирі автопилот өшіп тұрған автопилот кезде ұшақты басқармады
11.12.98 ТайландHS-TIA Тайланд Таиланд 101/146 Қиын ауа-райы жағдайында қону кезінде соғылды
30.01.00 Кения5Y-BEN Кот-д’Ивуар Абиджан 169/179 Экипаж қателігінен ұшқаннан кейін теңізге құлады
12.07.00 ГерманияD-AHLB Аустрия Швехат 0/151 Шасси істен шығып, алаңда авариялық қону жасалды
09.07.06 РесейF-OGYP Ресей Иркутск 125/203 Қонудан кейін сол жақ қозғалтқыш реверс орнына толық тарту қосылып, ұшақ ҚҰС-нан шығып кетіп өртенді.[7]
12.03.07 БангладешS2-ADE Біріккен Араб Әмірліктері Дубай 0/236 Тоқтатылған ұшу, ұшақ қону сызығының соңында тоқтады, алдыңғы шасси тірегі сынды
10.06.08 СуданST-ATN Судан Хартум 30/214 Қону кезінде жерге соғылып өртенді
30.06.09 Йемен7O-ADJ Комор аралдары Комор аралдары 152/153 Ұшқыштар қателігінен қону кезінде жерге соғылды
31.10.10 ТүркияTC-JCV Марокко Касабланка 0/белгісіз Жүк рейсі қону кезінде ҚҰС осінен шетке кетіп сол жақ қозғалтқыш пен алдыңғы шасси тірегін сындырды. Сызылып тасталды.
Нәтижесі: 11 ұшақ 8 мемлекет 825/1499 -

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Airbus A310 at airbus.com Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
  2. "Airbus A310." militaryaircraft.de, 12 қараша 2010
  3. "A310-200F Freight version." Aerospace Technology. Retrieved: 6 қараша 2011
  4. Airbus - Historical Orders and Deliveries (Microsoft Excel). Airbus S.A.S. (қаңтар 2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 7 ақпан 2007. Тексерілді, 10 желтоқсан 2012.
  5. "Aircraft Family – A310 Specifications." Мұрағатталған 3 қыркүйектің 2009 жылы. airbus.com. Retrieved: 6 қараша 2011
  6. Aviation Safety Network > ASN Aviation Safety Database > ASN Aviation Safety Database results Мұрағатталған 26 қазанның 2012 жылы.
  7. МАК Мұрағатталған 20 шілденің 2011 жылы.

Пайдаланылған әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Мировая Авиация журналы, №639 файл, 1-6 парақтар, ISSN 2071-1131 (орысша)
  • Мировая Авиация журналы, №1007 файл, 35-36 парақтар, ISSN 2071-1131 (орысша)