iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: http://kk.wikipedia.org/wiki/Airbus_A300
Airbus A300 — Уикипедия Мазмұнға өту

Airbus A300

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Airbus A300
Singapore Airlines әуе тасымалдаушысының A300 ұшағы
Singapore Airlines әуе тасымалдаушысының A300 ұшағы
Түрі

кеңфюзеляжды реактивті жолаушы ұшағы

Жобалаушысы

Airbus Industrie

Өндірушісі

Airbus Industrie

Мемлекеті

Халықаралық

Алғашқы ұшуы

1972 жыл 28 қазан

Қолданысқа енгізілуі

1974 жыл 23 мамыр

Статусы

Сирек қолданыста

Негізгі эксплуатанттары

Lufthansa
Air France

Басқа эксплуатанттары

Easter Air Lines
FedEx Express

Өндіріс жылдары

1972-2007

Өндірілген бірліктері

561 (2013 жыл наурыз) [1]

Базалық моделі

A300B2

Нұсқалары

Airbus Beluga

Airbus A300 Ортаққорда


Airbus A300 - жақын- және ортамагистральды көпорынды жолаушы ұшағы. Еуорпалық Airbus Industrie консорциумының алғашқы ұшағы. Сонымен қатар ол әлемдегі ең алғашқы екі қозғалтқышты кеңфюзеляжды ұшақ.

Жасалу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1960-жылдардың басында алғаш рет еуропалық кеңфюзеляжды ұшақ концепциясы талқыланған болатын. Алайда бұл ойға көпшілік сыни көзбен қарады. Әуе саяхатының кең өріс алуы, жаңа қуатты реактивті қозғалтқыштардың пайда болуы және әуе билеттерінің арзандауына байланысты Атлантиканың екі жағындағы өндірушілер ортамагистарльды кеңюзеляжды ұшақтарды жасауды өзіне мақсат етіп алды. Еуропалықтар 200-250 жолаушыға және 1500 км қашықтыққа есептелген ұшақтың жобалануын дұрыс деп шешті. Жаңа ұшаққа алғашында European Airbus деген атау ұсынылды. 1965-1966 жылдары еуропалық авиақұрылыс фирмаларының бірлестіктері жаңа ұшақтардың жобаларын ұсынды. Hawker Siddeley, Breguet және Nord фирмалары бірігіп 5 жоба ұсынды. Оның ішіндегі ең көп қызығушылық танытқаны 200-300 орындық HBN-100 жобасы болды. Ал франциялық Sud-Aviation Dassult фирмасымен бірлесе отырып 241/249 жолаушы тасымалдауға арналған Galion ұшағының жобасын ұсынды. Осы екі жоба жаңа ұшаққа негіз етіп алынды. HBN-100 жобасына ГФР атынан қастысу үшін Arbeitsgemeinschaft Airbus кәсіпорыны құрылды. 1967 жылы 4 қыркүйекте Arbeitsgemeinschaft Airbus атауын Deutsche Airbus GmbH деп ауыстырды. Франциядан жобаға Concorde ұшағын жасауда көп тәжірбиеге ие болған Sud қосылды. Ұлыбританиядан жобаға Hawker Siddeley қатысты. 1969 жылы 10 сәуірде Ұлыбритания жобадан шыққан кезде ұшаққа A250 атауы берілді (цифрлар жолаушылар санын білдірді), ал Rolls-Royse бар күшін TriStar ұшағына арналған RB.211 реактивті қозғалтқышына жұмсады. Алайда Hawker Siddeley жобада қалып, жаңа жоғары-жылдамдықты қанатты жасап шығарды. 1969 жылы 28 мамырда Франция мен ГФР ұшаққа A300 атауын берді. Кейінрек жобаға голландиялық "Fokker-VFW" мен испаниялық "CASA" қосылды. Алғашқы екі ұшаққа екі General Electric CF6 қозғалтқышы орнатылды. Қозғалтқыштарды жинауға француздық SNECMA фирмасы мен германиялық MTU лицензия алды. Жинауы 1969 жылы басталған бірінші прототипке жобалау барысында тек бір үлкен өзгеріс жасалды - америкалық жүк контейнерлерін орналастыру үшін фюзеляж диаметрін 8 см-ге үлкейтілді.

1971 жылы 9 қарашада Air France компаниясынан алғашқы тапсырыс түсті. Бірінші A300-B1 алғаш рет 1972 жылы 28 қазанда ұшты. Екінші прототип біріші рет 1973 жылы 5 ақпанда ұшты. Базалық сериялық ұшақтың эталоны саналған A300-B2-ның алғашқы екеуі сәйкесінше 1973 жылдың 28 маусымы мен 20 қарашасында алғаш рет ұшты. 1974 жылы 15 наурызда ұшақтар француз және батыс германиялық ұшу жарамдылығы сертификаттарын (CAT II) алды. Бұл кезде алғашқы 4 ұшақ ортақ есеппен 1600 сағат ұшты. 1974 жылы 30 мамырда АҚШ Федералды авиация әкімшілігінің (FAA) сертификаты алынды.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1973 жылдың алғашқы жартысында бірінші прототип пен екінші A300B1(F-WUAC) Еуропаның түрлі қалаларында таныстыру бағдарламасында қолданылды. Артынша әлемдік турне басталды. Ең алғашқы ұшақ 1974 жылы 10 мамырда алғашқы тапсырыс беруші — Air France әуекомпаниясына берілді. 13 күн өткеннен кейін, 23 мамырда ұшақ Париж - Лондон бағытында қолданыла бастады. 1974 жылы қазаннан бастап Air Siam әуекомпаниясы A300B2-1C ұшағын Бангкок - Токио бағатында қолдана бастады. Коммерциялық қолданыста болған жалғыз A300B1 1974 жылдың қарашасынан бастап Trans European Airways (TEA) компаниясында лизингте болды. TEA бұл ұшақты 16 жыл пайдаланды.

1975 жылдың маусымында Germanair әуекомпаниясы алғашқы болып A300B4-103 ұшағын алды. Кейінрек A300B4 ұшағы Koeran Air Lines, TEA, Lufthansa және Air India компанияларында қолданыла бастады. 1976 жылы 23 қарашада South African Airways әуекомпаниясы таулы және ыстық климатқа арнайы жасалынған A300B2K ұшағының қолданысын бастады.

1977 жылы A300B4 екіқозғалтқышты ұшақтарға ұзақ қашықтықта ұшуды рұқсат беретін ETOPS сертификациясынан өтті. Артынша A300B4-600 модельінің қолданысқа енгізілуі мен әуетасымалдауға сұраныстың көбеюі арқасында аэробустардың сатылымы жақсарды. Артынша Airbus өз ұшақтарымен Американдық нарыққа кірмекші болды.

1977 жылы қаңтарда Airbus фирмасының американдық нарыққа кіру мүмкіндігі жүзеге аспады, себебі Western Airlines бұл ұшақтан бас тартты. 1977 жылы 13 желтоқсанда Eastern Air Lines компаниясы алғашқы A300B4-103 ұшағын Нью-Йорктан Флоридаға баратын бағыттарда қолдана бастады. 1978 жылы Eastern Air Lines 6 ай мерзімге 4 A300B4 ұшағын алды, кейінрек тағы 25 ұшаққа толық және 9 данаға қосымша тапсырыс бері. Бұл АҚШ авиакомпанияларның ең алғаш Airbus ұшақтарын қолданылуы болды.

Латын Америкасындағы алғашқы A300 колумбиялық AeroCondor компаниясына 1977 жылы 10 желтоқсанда жалға берілді. 245 жолаушы отыратын бұл авиалайнер 1979 жылдың 9 мамырына дейін Барранкилья - Майами бағытында қатынады.

Қолданыстан шығарылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2005 жылы тек жеті ұшаққа тапсырыс жасалынған болатын, сол себепті Airbus 2006 жылы A300 ұшағына тапсырыс алуды доғарды. Ең соңғы сериялы A300 ұшағы 2007 жылы 18 сәуірде алғаш ұшты, ал 12 маусымда ұшақ FedEx компаниясына тапсырылды. Airbus компаниясының өндіріс қуаттарында жаңа модельдердің өндірісі басталды.[2] 2007 жылдың басында компания өндірісте жүк тасмалдаушы A300 ұшақтарының орнына келген A330-200F ұшақтарының өндірісін бастады.

Жанармай бағасының өсуі және авиатасымалдаудың азаюына байланысты 2000-жылдардың басында A300 ұшақтары көптеп сақтауға жіберіле бастады. Кейбір мамандардың болжауынша 2025 жылға дейін шамамен 350 A300 ұшағы қолданыста қалмақ.[3] Ал Airbus компаниясы өзінің A300 ұшақтарын 2049 жылға дейін дамытып отыруды жоспарлауда.

Аэродинамикалық сызбасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • үшкір қанатты, бір кильді қауырсыны бар екіқозғалтқышты турбовентиляторлы төменплан

Ұшақ конструкциясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нарықта алғаш болып General Electric CF6-50C қозғалтқыштарымен жабдықталған А300 В2-100 лайнерлері шықты. 1976 жылдың соңында Pratt & Whitney JT9D-59A ТРҚ қойылған A300 B2-200 нұсқасы өндңрңлңп бастады.

TEA әуе компаниясының A300B1 ұшағы - коммерциялық қолданыста болған жалғыз A300B1

A300B1 - алғашқы нұсқа. Барлығы 2 ұшақ жасап шығарылды. Сериялы ұшақтарға қарағанда A300B1 ұшақтары 2,65 м қысқа болды. 1980 жылдарың басында бірінші прототип бөлшектенді. Оның кейбір бөліктерін Мюнхендегі Неміс мұражайынан көрсе болады.

A300B1 ұшағының екінші данасы 1974 жылы қарашада бельгиялық TEA тасымалдаушысына жалға берілді. Одан кейін ұшақты Air Algerie әуе компаниясы қолданды. 1975 жылы ұшақ TEA компаниясына қайтарылды, осында ұшақ 1990 жылға дейін қолданыста болыды. Сосын ұшақ Брюссель әуежайында нысана белгілеуде жаттығу мақсатында қолданылды. 2003 жылы 9 шілдеде екінші прототип бөлшектенді, сондықтан қазіргі таңда бірде бір ұшақ алғашқы қалпында қалмаған.

A300B2 ұшағы

A300B2 (кейінрек A300B2-100) - CF6-50 қозғалтқышы орнатылған нұсқасы. Фюзеляж 2,65 м-ге ұзартылған.

A300B2K (A300B2-200) - "Крюгер" жалғасқанатшасы (орыс. закрылки Крюгера) қойылған нұсқасы. South African Airways әуекомпаниясының тапсырысмен жасалған бұл нұсқа ыстық климатқа және таулы аймаққа арнайы жасалды.

A300B2-220 - JT9D-59A қозғалтқышы орнатылған нұсқасы.

A300B2-320 - A300B2-220 нұсқасының салмағы көбейтілген түрі.

A300B4 (кейінрек A300B4-100) - ұшу қашықтығы ұзартылған нұсқасы. Ұшаққа "Крюгердің қанат арты қондырғысы" қойылды. Алғашқы ұшуы 1974 жылы 26 желтоқсанда болды. 1976 жылы 26 наурызда ұшу сертификатын алынды, ала сол жылы мамырда Germanair әуекомпаниясы ұшақты қолдана бастады.

A300B4-120 - JT9D қозғалтқыштары орнатылға A300B4-100 ұшағының нұсқасы.

A300B4-200 - ұшу салмағы көбейтілген нұсқасы.

A300B4-200FF - екі экипажы бар нұсқасы.

Emirates әуе тасымалдаушысының A300-600 ұшағы

A300-600 - A300 ұшағының жақсартылған нұсқасы. A300-600 нұсқасының жобалануы A310 ұшағымен қатар болды. Алғашында A300-B4-600 аталған ұшақтың бұл нұсқасы "Әлемдегі ең үлкен" екі қозғалтқышты әуе лайнері болуы керек болатын. Бағдарлама бойынша жұмыстар "Saudia" компаниясынан алғашқы тапсырыс түскен кезде - 1980 жылы 16 желтоқсанда басталды. Бұл нұсқаға сол кезде жаңадан шыққан технологиялар енгізілді. Ал жаңа ұшқыштар кабинасының дизайнын Porsche компаниясының мамандары жасады. Ұшақ қанаттарына ішкі секциялар жасалынды, ұшақты басқару құрылғалары жақсартылды. Композитті материалдарды қолдану арқасында ұшақ масссасы 1,5 тоннаға кеміді. Алғашында ұшақ 2 класты салонда 266 немесе 1 классты салонда 361 жолаушыға арналды, ал қозғалтқыштардың екі түрі ұсынылды: CF6-80C2 немесе JT9D (кейінрек PW4000). A300-600 алғашқы ұшуы 1983 жылы 8 шілдеде болды, ал 1984 жылы 9 наурызда ұшу сертификаты алында.

A300C4 - A300B4 негізінде жасалған құрылымы тез ауыстырылатын жүк және жолаушы тасымалдаушы ұшақ. Ұшақтың едені қаттыланған, кігшірім өзгерістер енгізілген. Ұшақтың бұл нұсқасы 1984 жылы 12 сәуірде алғаш әуеге көтерілді. A300C4 нұсқасында борттың сол жағында үлкен жүк люк жасалды, ал ұшақтың пайдалы жүктемесі 46,8 т болды.

A300F4 - жүк тасымалдаушы нұсқасы. Сипаттамалары жағынан A300C4 ұшағымен шамалас. 1986 жылы амызда Korean Air Lines әуе компаниясына тапсырылды.

Толық мақаласы: Airbus A310

A310 - фюзеляжы 12 секцияға қысқартылған, ал қанаты кішірейтілген нұсқасы. Жолаушылар саны 300-ден 250-ге дейін азайтылды. Ұшақтың кішірейтілген моделі алғаш рет 1978 жылы Ганновер қаласындағы авиашоуда алғаш көрсетілді.[4] Ұшақтың алғашқы ұшуы 1982 жылы 3 сәуірде болды. Ал 1983 жылы сәуірде Lufthansa және Swissair компаниялары ұшақтың қолданысын бастады.

Airbus A300-600 негізінде жасалған үлкен өлшемді жүктерді тасымалдаушы ұшақ нұсқасы. Ресми атауы A300-600ST. Еуропаның түрлі аймақатырынан жаңа Airbus ұшақтарының компоненттерін тасымалдау мақсатымен жасалынды.

Техникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сипаттамалар A300B2/B4 A300-600R
Экипаж 2 ұшқыш
Сыйымдылығы 345 (1 класс)
361 (1 класс)
Ұзындығы 53,62 м 54,08 м
Қанат жаймасы 44,84 м
Қанат ауданы 260 м²
Қанат үшкірлігі 28°
Биіктігі 16,53 м 16,62 м
Фюзеляж ені 5,64 м
Салон ені 5,28 м
Максималді ұшу салмағы A300B2 — 142000 кг
A300B4 −165000 кг
165000 кг
(PW4156 қозғалтқышымен)
Крейсерлік жылдамдығы 850 км/сағ 875 км/сағ
Максималді жылдамдық 910 км/сағ 890 км/сағ
Ұшу қашықтығы 3400/5300 км
(270 жолаушымен)
7000 км
(270 жолаушымен және
PW4156 қозғалтқышымен)
Максималді жанармай көлемі 62 000 л 68 150 л
Максимал көтерілу биіктігі 10 700 м 12 200 м
Қозғалтқыштар (2×) Pratt & Whitney JT9D-9
General Electric CF6-80-C2A5
Pratt & Whitney JT9D-7R4H1, PW 4156
General Electric CF6-80-C2A1
немесе CF6-80-C2A5
Қозғалтқыштың тарту күші 227кН - 236кН 249кН - 273,6кН
A300 галереясы
Kuwait Airways әуекомпаниясының Airbus A300B4-605R ұшағы A300B4-605R ұшағының жолаушы салоны A300 ұшағы фюзеляжының кросс-секциясы A300B4-200 ұшағының кокпиті (ұшқыштар кабинасы) Hapag-Lloyd әуекомпанисының Airbus A300 ұшағы Хераклион әуежайында, Крит, Грекия, 1985 жыл

2011 жылдың 26 тамызына 30 A300 ұшағы апатқа ұшыраған.[5].

Уақыты Борт нөмірі Апат орны Құрбандар Қысқаша сипаттама
17.03.82 Франция F-BVGK Сана 0/124 Жерден ұшу кезінде екінші қозғалтқыш жанып кетті
18.12.83 Малайзия OY-KAA Малайзия Куала-Лумпур 0/247 Жерге қатты қону, қатты жаңбыр кезінде минималды көріністе қонды.
29.09.86 Үндістан VT-ELV Үндістан Ченнаи 0/196 Тоқтатылған ұшу, қозғалтқышқа құс соғылды.
21.09.87 Мысыр SU-BCA Мысыр Луксор 5/5 Жаттығу ұшуынан кейін қону кезінде жерге соқтығысты.
03.07.88 Иран EP-IBU Парсы шығанағы 290/290 Нейтралды суларда американдық ракетамен жойылды.
15.02.91 Ирак 9K-AHF Ирак Мосул 0/0 Кувейттен басып алынған, «Шөлдегі құйын» операциясы барысында жойылды.
15.02.91 Ирак 9K-AHG Ирак Мосул 0/0 Кувейттен басып алынған, «Шөлдегі құйын» операциясы барысында жойылды.
28.09.92 Пәкістан AP-BCP Непал Катманду 167/167 Қонуға кіру кезінде тауда соғылды.
24.04.93 Франция F-BUAE Франция Монпелье 0/324 Буксирмен тарту кезінде жарықтандыру мачтасына тиді, сызылып тасталды.
15.11.93 Үндістан VT-EDV Үндістан Тирупати 0/262 Жанармайы таусылып апатты қону жасады.
26.04.94 Тайвань B-1816 Жапония Нагоя 264/271 Экипаждың қатал қателігінен қонуға екінші рет кіру кезінде соғылды.
10.08.94 Оңтүстік Корея HL7296 Оңтүстік Корея Чеджу 0/160 Жоғары жылдамдықта қону кезінде ұшу-қону сызығының шетіне шығып кетті.
22.10.94 Тайланд HS-THO Тайланд Бангкок 0/белгісіз Қозғалтқышты сынақты қосу кезінді басқа ұшақпен соқтығысты.
26.12.94 Франция F-GBEC Франция Марсель 3/170 Алжирлік лаңкестер басып алды, шабуылмен қайтарылды.
17.05.96 Түркия TC-ALP Түркия Стамбұл 0/белгісіз Ангарда өртеніп кетті.
26.09.97 Индонезия PK-GAI Индонезия Медан 234/234 Қону кезінді соғылды, экипаж диспетчерлерді түсінбеді.
16.02.98 Тайвань B-1814 Тайвань Тайбэй 7+196/196 Екінші айналымға кірер кезде соғылды.
24.03.99 Біріккен Араб Әмірліктері A6-PFD Грекия Родос 0/271 Қону кезінді тежегіш жүйесі істен шықты.
02.02.00 Иран EP-IBR Иран Тегеран 8+0/0 Аэробус тұрған ангарға C-130 ұшағы құлады.
12.02.00 Кот-д’Ивуар TU-TAT Сенегал Дакар 0/182 Ұшу-қону сызығына қосуылы қозғалтқышпен қозғалыс кезінде шасси тірегі сынып кетті.
17.10.01 Пәкістан AP-BCJ Біріккен Араб Әмірліктері Дубай 0/205 Қону кезінді шасси тірегі сынып кетті.
12.11.01 Америка Құрама Штаттары N14053 Америка Құрама Штаттары Нью-Йорк 5+260/260 Қатты турболенттік кезінде бағыт рөлінің қирауы. Тағы бір нұсқа — ұшқыштың қате қимылдары.
08.03.02 Үндістан VT-EFW Үндістан Дели 0/5 Техниктардың қателесуінен алдыңғы шасси қысылып, сынып кетті.
01.03.04 Пәкістан AP-BBA Үлгі:Country data Saud Arabia Джидда 0/273 Жерден көтерілу кезінді екі дөңгелек шинасы жарылып, оларды қозғалтқышқа тартып кетті.
23.03.07 Ауғанстан YA-BAD Түркия Стамбұл 0/белгісіз Қону кезінді ұшу-қону сызығының шетіне шығып кетіп, оң қанатқа қарай қыйсайды.
19.04.07 Катар A7-ABV Біріккен Араб Әмірліктері Абу-Даби 0/0 Ангарда өртеніп кетті.
02.03.10 Түркия TC-ACB Ауғанстан Баграм 0/5 Қону кезінде шасси тірегі сынып кетті, сызылып тасталды[6].
13.04.10 Мексика XA-TUE Мексика Монтеррей 2+5/5 Жүк тасымалы рейсі, қонуға кіру кезінде соғылды.
xx.04.10 Мексика XA-TVU Мексика Мехико 0/0 Техникалық қызмет көрсету кезінді кран қанатқа құлап, оны зақымдады.[7]. Сызылып тасталды.
25.08.11 5A-IAY Триполи 0/0 Әуежай үшін шайқас кезінде тұрақта жойылды.
25.08.11 5A-DLZ Триполи 0/0 Әуежай үшін шайқас кезінде тұрақта жойылды.
БАРЛЫҒЫ: 30 ұшақ 22 мемлекет 1760/3848 -

Пайдаланылған әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Мировая Авиация журналы, №638 файл, 1-4 парақтар, ISSN 2071-1131 (орысша)
  • Мировая Авиация журналы, №1007 файл, 39 парақ, ISSN 2071-1131 (орысша)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Airbus A300-600 at airbus.com
  2. Airbus-Pressemitteilung (englisch). Мұрағатталған 7 қазанның 2008 жылы.
  3. airliners.de: „Letzter Airbus A300 ausgeliefert“ (12. Juli 2007)(қолжетпейтін сілтеме)
  4. "Укороченный A300". Мировая авиация (639): 1. қараша 2011. 
  5. Aviation Safety Network > ASN Aviation Safety Database > ASN Aviation Safety Database results
  6. CH-Aviation — Airline News, Fleet Lists & More
  7. Mexico’s AeroUnión Adds 3 A300 B4F-203! — Civil Aviation Forum | Airliners.net

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]