Цзино
Цзино | |
цзино, юлэ, юлао | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
20 899 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Цзино (өз атауы - цзино, юлэ, юлао)[1] — Қытайдағы Юньнань провинциясындағы Сишуанбанна автономиялық префектурасында тұратын халық. Қытайдағы ресми түрде танылған 56 этностың құрамына кіреді. Саны 20 899 адам (2000, халық санағы).[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар қытай-тибет тілдерінің тибет-бирма отбасының лоло тобына жататын цзино тілінде сөйлейді. Кейбіреулер тай немесе қытай тілінде сөйлейді.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі нанымдарды сақтанады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тарихшылар бұл адамдар Қытайдың оңтүстік аймақтарына бірнеше ғасыр бұрын солтүстіктен келген деп есептейді. Цзино тай-дай халқының қатты ықпалында болды және ұзақ уақыт бойы оларға алым-салық төлеуге мәжбүр болды. Дай халқымен ұзақ және жақын болғандықтан, цзино олардың кейбір дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қабылдады. Дегенмен, соңғы кездері олардың өмірінде ханзу әсері көбірек байқала бастады.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, мақта), шошқа, ит, тауық өсіріледі. Буйволдар мен бұқалар негізінен құрбандық шалу үшін өсіріледі. Аңшылық пен терушіліктің маңыздылығы сақталады. Қолөнер (тоқымашылық, ұсталық, т.б.) көмекші рөл атқарады.[5]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XX ғасырдың ортасына дейін жерге топтық меншік үстемдік етті, туыстық және көршілес өзара көмек дәстүрлері берік болды. Қазіргі отбасы шағын, бұрын 50-60 адамнан тұратын көп балалы отбасылар жиі кездесетін. Некені өз қалауы бойынша жастар қияды. Некеге дейінгі кезең жыныстық еркіндікпен сипатталды.
Дәстүрлі тұрғын үйлері тікбұрышты, қадалы, қабырғалары бамбуктан жасалған және шатыры шөптен жабылған. Оның ұзындығы шағын отбасылардың санына сәйкес ошақтардың санымен анықталды.
Дәстүрлі ерлер киімі – күрте мен шалбар, әйелдер киімі – күрте және қысқа белдемше.
Негізгі тағамдары – жарма, нан, ет.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Значение слова ЦЗИНО в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1847607.html
- ↑ Цзино https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/375370
- ↑ Значение слова цзино https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D1%86%D0%B7%D0%B8%D0%BD%D0%BE
- ↑ Цзино (基诺族) https://shansbooks.ru/spravochnik-kitaista/tszino-/
- ↑ Народность цзино https://www.abirus.ru/content/564/623/624/639/642/1183.html
- ↑ народы мира / Цзино http://www.etnolog.ru/people.php?id=TSZI