iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: http://kk.wikipedia.org/wiki/Теория
Теория — Уикипедия Мазмұнға өту

Теория

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Пифагор теоремасы.

Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Теория көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие. Теорияның кең көлемді теориялық материалды жүйелеуге, сипаттауға бағытталған сипаттамалы немесе логикаға негізделген дедуктивті түрлері бар. Логикалық көзқарас тұрғысынан Теория өзара байланыстағы гипотетикалық-дедуктивтік жүйені құрайды. Кез келген теориялық қорытынды негізгі тұжырымнан (аксиома, анықтама, қағида) тұрады немесе бірнеше ой-тұжырымдардың логикенті қорытындысы (теорема, нәтиже) болып табылады. Эпистемологиялық мәнде Теория үнемі дамып, өзгеріп отыратын білімдер жүйесі. Қазіргі ғылым методологиясы Теорияның негізгі төрт құрамдас бөлігін айқындайды:
1. Теорияның теориялық тұрғыдан түсіндірілуге тиісті тәжірибелік нәтижелері мен деректік жиынтығынан тұратын эмпирикалық негізі;
2. Әр алуан жалпы заңдылықтар мен қағидаттардан тұратын теориялық негізі;
3. Белгілі бір логикалық және методологиялық реттегіштер;
4. Дәлелдерден, қорытындылардың жиынтығынан тұратын негізгі теориялық жүйе.

Теория практикалық іс-әрекетті, тәжірибені қорытып, оны жаңа жағдайда ғана қолданбай, ол тәжірибе нәтижелерін шығармашылық тұрғыдан өзгерту арқылы практиканың алдына жаңа талаптар қойып, оның өрісін кеңейте түседі. Ғылыми-техникалық төңкеріс заманында Теорияның практикаға қатысты ғылыми-өндірістік маңызы айқын көрінеді. Сондықтан практика Теорияның ақиқаттылығын дәлелдеумен қатар, оны дамытып, жетілдірудің негізі.

A.
Газдардың кинетикалық теориясы.

Тексерудің қарапайым түрі – тікелей тәжірибе арқылы тексеру. Бірақ теорияны көп жағдайда тікелей тәжірибемен тексеру мүмкін емес (масалы, Жердегі өмірдің пайда болуы), немесе бұндай тексеру өте қиын, не қымбат (макроэкономикалық және әлеуметтік теориялар), сондықтан теориялар болжаулық қабілетінің барлығын пайдалану арқылы – яғни алдында белгісіз немесе байқалмаған нәрселерді, оқиғаларды шығарса, ал ұқыптап бақылағанда бұл нәрселер немесе оқиғалар табылып жатса, онда бұл қабілеттің бар болғаны.

Жалпылағанда, ғылым мақсаты – болашақты болжау; бақылау (аналитикалық) мағынасы – біз әсер ете алмайтын оқиғалар желісін сипаттаумен қатар синтетикалық, бізге керек болашақты технология арқылы жасау, мағынасын да қамтиды.

Басқаша айтқанда, теория мәні жанама белгілерді бір-бірімен байланыстыру мен өткен шаққа баға беріп, белгілі шарттар орындалғандағы болашақта болатын оқиғаларды көрсетуінде жатыр.

Теория (Theory) - білім саласындағы негізгі идеялар жүйесі. Автоматтар теориясы (Теория авто-матов; automata theory) — автоматты құрылғылардың жасалу, жұмыс істеу және қолдану принциптерін зерттейтін ғылым. Алгоритмдер теориясы (Теория алгоритмов; algorithm theory) — алгоритмдердің жалпы қасиеттерін зерттейтін математика ғылымының бір тарауы. Алгоритмдер теориясының екі тармағын атап өтуге болады. Біріншісі — математиканы конструктивті негіздестіруді және алгоритмдік шешілмеушілік феноменін зерттейтін логикалық теория. Екіншісі — алгоритмдердің өзін, олардың құрылымын, эквиваленттік түрлендіру әдістерін, тиімділікті бағалау тәсілдерін және құру әдістерін зерттейтін алгоритмдердің аналитикалық теориясы. Ақпарат теориясы (Теория информации; information theory) — ақпаратты классификациялау, сақтау, алмастыру, шығару тәсілдерін сипаттау және оларды бағалау жұмыстарымен айналысатын кибернетиканың бір саласы.[1]

Беріктіктің бірінші теориясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Беріктіктің бірінші теориясы. Шектік кернеулік күйдің тууына ең жоғарғы тік кернеулер теориясы деп атайды. Алынған болжамға сөйкес келесі шарт сақталуы керек: σmax10 мұндағы - зерттелетін кернеулік күй үшін бас кернеулердің ең жоғарғы мені, σ0 - бір өсті созылудың шектік кернеуі.

Беріктіктің екінші теориясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Беріктіктің екінші теориясы. Материалда шектік кернеулік күйдің тууына ең үлкен ұзару себепші болады. Бұл теория ең үлкен ұзару теориясы деп аталады. Көлемдік кернеулік күй үшін: σесеп=σ-μ(σ23)≤σ0 Жазық теория да морт материалдар үшін дұрыс.

Беріктіктің үшінші теориясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Беріктіктің үшінші теориясы. Шектік кернеулік күйдің пайда болуына ең үлкен жанама кернеулер себешпі болады. Сондықтан ол ең үлкен жанама кернеулер теориясы деп аталады. Теория қанағаттандыру шарты: τmax<τ0 мұндағы τmax - зерттелетін кернеулік күй үшін ең үлкен жанама кернеу шамасы, τ0-жанама кернеудің қарапайым созылу тәжірибесінен алынған шектік мәні. Жазық кернеулік күй үшін: σесеп = √(σzy)2+4t2zy≤[σ]. Үшінші теорияның негізгі кемшілігі: көлемдік кернеулік күйде бас кернеудің ықпалы ескерілмей қалады. Ең үлкен жанама кернеулер теориясы созылуға және сығылуға бірдей қарсыласатын созымды материалдар тәжірибесінде жақсы дәлелденеді.

Беріктіктің энергетикалық теориясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Беріктіктің энергетикалық теориясы. Материалдың шектік кернеулік күйінің пайда болуы мезетінде деформацияның меншікті потенциялық энергиясының мөлшері кез келген күрделі кернеулік күйде және қарапайым созылу кезіңде бірдей болады. Бұл теорияны тұжырымдау кезінде алғашында мьшадай болжам ұсынылады: сәйкес шектік кернеулік күйдің тууына өзінің ең үлкен мәніне жеткен толық меншікті потенциялық энергия себепші болады. Бұл болжамды қанағаттандыратын шарт былайша жазылады: √σ212223 + 2μ(σ1σ22σ33σ1)≤σ жазық кернеулік күйде: σесеп=√((σzy)/2)2 + 3((σzy)/2)2 + 3t2zy ≤[σ]

Энергетикалық теория созымды материалдар тәжірибесінде дұрыс дәлелденеді, ол іс жүзінде кеңінен қолданылады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Сыртқы сілтемелер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Математиканың даму тарихы